АЛАШ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ САБАҚТАСТЫҚ

Loading...
Thumbnail Image

Date

2016

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Suleyman Demirel University

Abstract

Бір анық нәрсе, жалған тарих жоқ, тек жалған тарихшылар ғана бар. Бұл қағиданың растығын қазіргі біздің рухани ояну дәуіріміз дәлелдеп беріп отыр. Басқаша айтқанда, ұлт-азаттық күрес идеясын өмірлік кредоларына айналдырған ХХ-шы ғасыр басындағы зиялы азаматтарымыздың саясат аренада атқарған қызметтерінің кеңестік дәуірде соның бір ғана мысалы. Біз тарихи санамыздан аластатылуы жаңа тұрпаттағы мемлекет құру процесін бастан кешіріп жатқан елміз. Кремль төбеттері қалыптастырған қортық санадан, семіз малай болу психологиясынан арылып келеміз. Тәуелсіздік идеясын, ұлттық мактаныш сезімін ұрпақтар жадында жаңғырту күн тәртібіндегі келелі мәселеге айналды. «Жаңа заманда кандай этникалық ерекшеліктерімізді, рухани құндылықтарымызды жаңғыртып, қандай жат мінез, солақай сенім-нанымдардан бойымызды аулақ ұстауымыз керек?» деген сан сауалдар жауап күтіп тұр. Яғни, қазіргі кезең таңдау, саралау және корытынды шығару кезеңі.

Description

Keywords

Алаш, тарих, сабақтастық, идея.

Citation

Әшірбаев Б. /АЛАШ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ САБАҚТАСТЫҚ / Suleyman Demirel University/ СДУ ХАБАРШЫСЫ 2016. No1(36)