23 results
Search Results
Now showing 1 - 10 of 23
Item Open Access МҰХТАР ӘУЕЗОВТЫҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ ЭТНОМЕДИЦИНАЛЫҚ ЛЕКСИКА: ҚЫЗМЕТІ МЕН АУДАРМАДА БЕРІЛУ ТӘСІЛДЕРІ(Suleyman Demirel University, 2020) Боранкулова Б.Е.Мақаланың мақсаты - романдағы халықтың медицина лексикасының қызметін анықтап, оның ағылшын және орыс тілдеріндегі аудармасының берілу тәсілдеріне салыстырмалы талдау жасау. Тіл білімі маманы Қ. Ғабитханұлы американдық ғалым, лекикограф Уилфред Джон Фанктың «Word Origins and Their Romantic Stories» атты еңбегіне сүйене келіп, оның тіл мен мәдениет байланысы туралы айтқан мына бір үзіндісін келтіреді: «Тілдегі лексика құдды айна тәрізді, ол арқылы бір ұлттың өткен өмірімен танысуға болады». Сол сияқты халық медицина лексикасы ұлттың тарихымен, оның материалдық мәдениетінің дамуымен тікелей байланысты. Жұмыс барысында Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы халықтық медицинаға қатысты лексика жинақталып, анықталған медицинаға қатысты сөздер мен сөз тіркестеріне тарихи-этимологиялық және лексико-семантикалық талдау жасалды. Сонымен қатар, романдағы этномедициналық лексиканың қызметі қарастылырып, олардың ағылшын және орыс тілдеріндегі аударма нұсқаларын аудармашылық паралельдік салыстыру арқылы қолданылған аударылу тәсілдері мен аударма сәйкестіктері зерделенді. Зерттеу нәтижесінде автор романында медициналық лексика халықтың діни нанымдары мен әдеп-ғұрыптары байланысты емдеу түрлеріне (жел үшық, үшкіру, дем алу, қасида оқу), адамның белгілі бір сәттегі психологиялық күйі-қалпын дәл беру үшін метафораланған медициналық лексиканың қолданғаны анықталды. Романдағы халықтық медициналық лексиканы ағылшын және орыс тіліне аудару кезінде транслитерация, сипаттамалы аударма арқылы берілген.Item Open Access ЖҰМАБАЙ ШАШТАЙҰЛЫ ПОВЕСТЕРІНДЕГІ ӘЙЕЛДЕР БЕЙНЕСІ(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Нұрбану К.Аңдатпа. Мақалада жазушы Жұмабай Шаштайұлының шығармаларындағы әйелдер образына талдау жасалды. «Аспанқора повесіндегі Ханымкүл образы мен Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» әңгімесіндегі Шолпанның образына салыстырмалы талдау жасалып, образдардың типологиялық ерекшеліктері, жасалу жолдары анықталды, кейіпкер характерін сомдаудағы автордың мотивтері, ұстанымы анықталды. Аталған повестегі Қаламқас образы және «Құралайдың салқыны» повесіндегі Қадірсіздің образына талдау жасалып, олардың дәстүрлі қазақ әйелдерінің келбетін сомдайтын типтік бейне екені дәлелденді.Item Open Access ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ ТІЛДІК ТҰЛҒА: КАТЕГОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТИПОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІК(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Жолшаева М.С.; Балтамуратова Ж.А.Аңдатпа. Мақалада соңғы жылдары тіл ғылымындағы зерттеулерде қолданылып жүрген «эпистолярлық тілдік тұлға» тіркесінің терминдік статусына байланысты сұрақтар көтеріледі. Ғалымдардың тілдік тұлға феноменін зерттеудегі өзіндік концепциялары, соның ішінде тілдік тұлға типологиясын жасауда ескеретін критерийлердің түрліше болып келуіне орай тілдік тұлғаны топтастырудағы көзқарастары тіл ғылымының салаларына байланысты салыстыра қарастырылды. Эпистолярлық тілдік тұлғаны қарастыру барысында ескерілетін лингвистикалық және экстралингвистикалық факторларға, эпистолярлық қарым-қатынас аясындағы автор образы және оның мәтінде тілдік көрініс табуының ерекшеліктеріне талдау жасалады. А.В.Курьяновичтің эпистолярлық тілдік тұлғаға берген анықтамасына сүйене отырып, эпистолярлық тілдік тұлғаның категориялық және типологиялық ерекшеліктері анықталады. Талдау материалы ретінде Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының М.Ғабдулин, М.Әуезов, М.Әбдіхалықовқа жазған хаттары негізге алынды.Item Open Access ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВ «ҒАСЫРДАН ДА ҰЗАҚ КҮН» РОМАНЫНДАҒЫ УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК КАТЕГОРИЯСЫ(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Ізбай І.Ө.Аңдатпа. Мақалада қырғыз халқының жазушысы Шыңғыс Айтматовтың алғашқы туындыларының бірі «Ғасырдан да ұзақ күн» романы мен хронотоп мәселесі қарастырылды. Қазақ прозасындағы көркем уақыт пен кеңістік мәселесіндегі психологизм, кейіпкерлер әлемі, эмоциялық құбылулардың сюжет динамикасына әсері сөз болып, авторлық баяндауға ден қойылды. Көркем кеңістік пен уақыт байланысы күрделі сипат алған Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» романы талданды. Әдеби көркем туындыда кеңістік пен уақыт белгілері, оның сипатын беретін негізгі элементтер түр-түрге бөлініп шығарма құрылымын құрайды. Мақалада олардың арасындағы байланыс пен алшақтық, бірігуі мен бөлінуінің автор қолданысындағы көрінісі қарастырылды. «Боранды бекет» аталып кеткен Ш. Айтматовтың шығармасындағы сюжеттік құрылымында маңызды рөл атқарған уақыт және кеңістік категориясының түрлеріне кеңірек тоқталып, романнан үзінді мысалдармен дәйектелді.Item Open Access SURVIVING THROUGH ORGANISED CRIME: A COMPARATIVE STUDY OF ILLICIT NETWORKS IN TRANSNISTRIA AND ABKHAZIA(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Ariadna M.E.Abstract. This paper explores the connection between the existence of illicit networks and the survival of the de facto states of the Republic of Transnistria and the Republic of Abkhazia. The paper argues that organized crime plays a dual role in the continuity of state and society in these regions, both supporting and hindering state-building and the attainment of a strong, independent state. The study first provides a brief overview of organized crime and its impact on state characteristics. It then delves into the characteristics of organized crime in Transnistria and Abkhazia separately to draw conclusions about their similarities and differences. Finally, the research examines the role of illicit activities in the survival of these de facto states. The findings suggest that the presence of illicit networks has significant implications for state survival and development in post-Soviet de facto states.Item Open Access ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФУНКЦИОНАЛДЫ СТИЛЬДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ(Suleyman Demirel University, 2020) Кубесова М.Е.Мақалада функционалды стиль терминіне ғылыми зерттеулер нәтижесінде шыққан анықтамалар, тұжырымдар ұсынылады. Қазақ тіл біліміндегі ғылыми зерттеулердің нысанына айналған функционалды стильдердің зерттелуіне, жіктелуіне, топтастырылуына, қалыптасуына, дамуына ғылыми шолу жасалып, ерекшеліктері көрсетіліп, тұжырымдар жасалынады. Функционалды стильдердің көптеген мәселелері зерттеу нысанына алынып, стильдік ерекшеліктері ескеріледі. Қазан төңкерісіне дейінгі баспасөз тілін, кеңес дәуіріндегі баспасөз тілін, қазіргі кезеңдегі баспасөздің, радио-теледидар тілін, қазақ ауызекі сөйлеу тілін, ресми тілін, ғылыми тілін, көркем әдебиет тілін жан-жақты зерттеп, түрлі аспектіден қараған ғалымдар тобы жүйеленіп ұсынылады.Item Open Access ЦИФPЛAНДЫPУ ЖAҒДAЙЫНДA БIЛIМ БEРУДIҢ 8-СЫНЫП ГЕОМЕТРИЯСЫН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Bаzаrbекоvа D.Аңдатпа. Осы тақырыпта цифрландыру аясында ортанғы сыныптарда геометрия пәніне талдау жүргізіп, дайарлаудың керекті әдістерін пайдалану керектілігі теориялық тұрғыда көрсетілген. Цифрландырудың қиын тұстары білім беру саласында болуы мүмкін. Математика сабақтарында скаляр шамаларды тиімді шешу жолдары қарастырылған. Ақпараттық технологияларда геометриялық жүйенің тиімділігі көрсетілген. Қандайда бір есептерді түрлі формулалармен шешу жолдары нақтыланған. Ғылыми калькулятормен қалай дұрыс жұмыс жасау керек екендігі баяндалған. Кез келген тақырыпты оқытқанда басқа геометриялық фигураларды және оларға сәйкес скалярларды пайдаланып есептер құрастыруға және шешуге болады. Сонымен қатар, әртүрлі математикалық модельдерді қолдана отырып, мәселені әртүрлі тәсілдермен шешу мүмкіндігін атап, өту маңыздығын арттыру бағыты нақты баяндалған. Пайдаланылған әдебиеттер де дәлме дәл көрсетілген.Item Open Access ГИБРИДТІК ОҚЫТУ: БІЛІМ БЕРУДЕГІ ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ ОНЛАЙН ӘДІСТЕРДІ БІРІКТІРУ(SDU University, 2025) Құдайберді БағашаровҚазіргі педагогика ғылымында инновациялық білім берудің жаңа ұғымдарының бірі - «Гибридтік оқыту» (hybrid learning). Мақалада заманауи білім беру жағдайында дәстүрлі педагогикалық әдістерді инновациялық онлайн технологиялармен біріктіретін тиімді стратегия ретінде гибридтік оқытудың ерекшеліктеріне талдау жасалған. Соңғы жылдары Гибридті оқыту мен аралас оқыту (blended learning) заманауи білім беруде кең таралған тәсілге айналуда. Гибридті оқытудың негізгі принциптері, маңызды құрамдас бөліктері және бұл оқытудың икемділігі мен артықшылықтары сөз болады. Бұған қоса, технологиялық қолдау, сапалы интернет-ресурстарды құру және мұғалімдердің біліктілігін арттыру сияқты гибридті оқытудың сәтті жүзеге асырылуын анықтайтын факторлар талқыланады. Мақала гибридтік оқытудың практикалық және теориялық аспектілеріне жан-жақты шолу жасайды, оның икемді және жекелендірілген білім беру жолдарын құру үшін заманауи білім берудегі өзектілігі мен әлеуетін көрсетеді. Аталған әдістемені оқу үдерісіне табысты енгізу бойынша ұсыныстар жасалады.Item Open Access ПОДКАСТ – ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) А.Т. ӘбілдаАңдатпа. Білім беру үдерісіне қандай технологияларды енгізе аламыз? Біздің басты мақсатымыз - білім берудегі инновациялық технологиялар негізінде қазақ тілі сабақтарында подкаст технологиясын дидактикалық құрал ретінде пайдалану. Білім беруде жаңа технологияларды пайдалану өте маңызды. Соның ішінде подкаст қызметін қолдану тіл үйренуде тиімді құралдардың бірі. Сондықтан бұл қызмет оқыту технологиясы ретінде жеке қарастыруды қажет етеді. Подкаст – ұзынды-қысқалы серияларға біріктірілген, жүктеп алуға және онлайн тыңдауға болатын аудио жазбалар. Бұл мақалада подкаст технологиясының тәжірибеге ену мәселесі талқыланып, оны қазақ тілі сабақтарында тиімді пайдалану және құрастыру жолдары қарастырылады. Білім саласындағы инновациялық технологиялар дегеніміз - тек техникалық құралдар ғана емес, сонымен бірге жаңаша әдістеме, білім берудің жаңа амалы.Item Open Access ОРГАНИЗАЦИЯ ВЗАИМОДЕЙСТВИЙ МЕЖДУ УЧЕНИКОМ И УЧИТЕЛЕМ НА УРОКЕ МАТЕМАТИКИ(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Орынбекова А.ААннотация. В данной статье описывается методика организации взаимодействия между учениками и учителем на уроке математики. Рассматривается такой метод организации как взаимодействие учителя и ученика. Одним из способов взаимодействия является самостоятельная работа, а также ее ключевые аспекты, позволяющие более эффективно проводить организацию преподавательской деятельности. В качестве примера была рассмотрена средняя школа, учителя которой активно применяют приемы организаторского взаимодействия учителя и учеников. Был рассмотрен пример показательного урока, на котором учитель взаимодействует с учениками посредством опроса. Вследствии такого опроса учитель определяет уровень знаний учеников для построения эффективного плана урока. Для учеников же такой опрос служит одним из способов повторения пройденного и подготовкой к новому материалу. Также для статистики ученики всей школы участвуют в опросе, нравится ли им заниматься математикой. Данные записываются в виде диаграммы и впоследствии выдвигаются соответствующие выводы.
- «
- 1 (current)
- 2
- 3
- »