ГИБРИДТІК ОҚЫТУ: БІЛІМ БЕРУДЕГІ ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ ОНЛАЙН ӘДІСТЕРДІ БІРІКТІРУ

Loading...
Thumbnail Image

Date

2025

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

SDU University

Abstract

Қазіргі педагогика ғылымында инновациялық білім берудің жаңа ұғымдарының бірі - «Гибридтік оқыту» (hybrid learning). Мақалада заманауи білім беру жағдайында дәстүрлі педагогикалық әдістерді инновациялық онлайн технологиялармен біріктіретін тиімді стратегия ретінде гибридтік оқытудың ерекшеліктеріне талдау жасалған. Соңғы жылдары Гибридті оқыту мен аралас оқыту (blended learning) заманауи білім беруде кең таралған тәсілге айналуда. Гибридті оқытудың негізгі принциптері, маңызды құрамдас бөліктері және бұл оқытудың икемділігі мен артықшылықтары сөз болады. Бұған қоса, технологиялық қолдау, сапалы интернет-ресурстарды құру және мұғалімдердің біліктілігін арттыру сияқты гибридті оқытудың сәтті жүзеге асырылуын анықтайтын факторлар талқыланады. Мақала гибридтік оқытудың практикалық және теориялық аспектілеріне жан-жақты шолу жасайды, оның икемді және жекелендірілген білім беру жолдарын құру үшін заманауи білім берудегі өзектілігі мен әлеуетін көрсетеді. Аталған әдістемені оқу үдерісіне табысты енгізу бойынша ұсыныстар жасалады.

Description

Keywords

Citation

ГИБРИДТІК ОҚЫТУ: БІЛІМ БЕРУДЕГІ ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ ОНЛАЙН ӘДІСТЕРДІ БІРІКТІРУ / Құдайберді Бағашаров / SDU Bulletin: Pedagogy and Teaching Methods 2025/1 (70)