Search Results

Now showing 1 - 2 of 2
  • ItemOpen Access
    АУТИЗМ СПЕКТРІНІҢ БҰЗЫЛУЛАРЫ БАР БАЛАЛАРДЫ КӘСІБИ БАҒДАРЛАУ МЕН ӘЛЕУМЕТТЕНУДЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ
    (SDU University, 2024) Исмагулова С.К.; Кошербаева Л.К.
    Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың басым бағыттарының бірі, бүкіл әлемдік кеңістіктегідей - тең сапалы және қолжетімді білім беруді қамтамасыз ету бойынша орнықты дамудың 4-ші мақсатына қол жеткізу және барлық адамдар үшін өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандыру болып табылады. Сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер елдің негізгі бағдарламалық құжаттарына қосылды, заңнамалық актілер мен нормативтк құжаттарға қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осыған байланысты оқушының жеке тұлғасы бірінші орында болады, себебі оның әлеуметтенуінің табыстылығы, оның өміріне қанағаттануы білім алушының жеке мүмкіндіктерін, қабілеттері мен ерекше қажеттіліктерін ескеретін сапалы біліммен байланысты. Қазіргі уақытта мұғалімдер заманауи әлемнің жетістіктері мен сын тегеуріндеріне обьективті қарап, жаңа білім беру парадигмасын құруы керек. Қазіргі заманның балаларына білім беру кезінде ерте жастан бастап жаһандық дағдылар мен өмір бойы білім алуға деген ұмтылысты қалыптастыру өте маңызды. Осыған байланысты білім берудің мақсаты кең спектрлі дағдылары бар білім алушының жеке тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін құру болып табылады. Осы міндеттерді іске асыру шеңберінде мектеп ортасы барлық балаларға, оның ішінде оқуда мінез-құлық және ерекше қиындықтары бар балаларға қоғамға толыққанды араласуға дайындығына ықпал ететін сапалы білім алуға мүмкіндік беруі маңызды. Әдістемелік ұсынымдарда аутизм спектрінің бұзылыстары бар балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерінің сипаттамасы ұсынылған; негізгі тұжырымдар келтірілген және жалпы білім беру процесіне оқуда мінез-құлық және ерекше қиындықтары бар, оның ішінде аутизм спектрінің бұзылулары бар балаларды қосу бойынша ұсыныстар берілген. Бұл ұсынымдар аутистік спектр бұзылыстары бар білім алушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді; ұйымдастыру, кәсіби бағдарлау және әлеуметтендіру, мектеп қоғамдастығында инклюзивті мәдениетті дамыту мақсатында мектеп әкімшілігі мен педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталған
  • ItemOpen Access
    АУТИЗМ БАР АДАМДАРДЫҢ КӘСІБИ ҚОҒАМДАСТЫҚҚА ЖӘНЕ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНА ТАБЫСТЫ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ИНТЕГРАЦИЯСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ СТРАТЕГИЯЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУ. ӘЛЕУМЕТТІК ИНТЕГРАЦИЯ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ ӨМІР
    (SDU University, 2024) Юсубалиева М.; Самамбаева А.; Yolanda P.B.
    Аутизм спектрінің бұзылуы (АСБ) жаһандық ауқымдағы жеке тұлғаға, сондай-ақ олардың отбасыларына және бүкіл қоғамға айтарлықтай әсер ететін кең таралған неврологиялық жағдай болып табылады. Соңғы жылдары АСБ таралуы туралы деректерде айтарлықтай өзгерістер байқалады. Бұл осы күрделі бұзылыс туралы идеялардың динамикалық дамуын көрсетеді. Дүние жүзінде АСБ таралуы 2012 жылы 10 000 адамға шаққанда 62-ні көрсетсе, соңғы деректерге сәйкес 2021 жылы АСБ таралуы 10 000 адамға шаққанда 100-ге дейін өскенін көрсетеді. Бір қызығы, АҚШ-тағы ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) құрған Аутизмді және дамудың бұзылуын бақылау желісі (ADDM) 2018 жылы АСБ таралуының одан да жоғары көрсеткіштерін, 10 000 шаққанда 230-ға жуық балада анықтады. Бұл статистика халықтың белгілі бір топтары арасында аурудың таралуының өзгеретін үлгісін түсінудің маңыздылығын көрсетеді. Табысы жоғары елдерде АСБ таралу көрсеткіштерінің айтарлықтай өсуі байқалғанымен, дамуында ауытқулары бар балалардың шамамен 95% -ы, АСБ бар балаларды қоса алғанда, табысы төмен және орташа елдердегі тұратынын ескеру маңызды [14]. Әлеуметтік-экономикалық факторлардың, диагностикаға қол жетімділіктің, мәдени дәстүрлердің және хабардарлық деңгейінің әсері осы аймақтарда АСБ жағдайларын анықтауға және тіркеуге әсер етуі мүмкін. Осы себепті біздің назарымыз табысы орташа және айрықша сипаттамалары бар дамушы ел - Қазақстанға бағытталған. 2019 жылғы аурулардың жаһандық ауыртпалығын зерттеу нәтижесіне сәйкес [40], Қазақстан жоғары және орташа әлеуметтік-демографиялық индексі (SDI) бар ел ретінде жіктеледі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми деректері бойынша 2018 жылы АСБ таралуының болжамды деңгейі айтарлықтай төмен болды - 100 000 балаға 2,6 [30]. Таралу көрсеткіштерінің басқа елдердің көрсеткіштерінен айтарлықтай айырмашылығы бар және GBD 2019 [40] деректеріне негізделген бағалаулардан алшақ, бұл әртүрлі елдердегі АСБ есептерді жасау және диагностика тәжірибесіндегі ықтимал айырмашылықтарды көрсетеді.