АУТИЗМ СПЕКТРІНІҢ БҰЗЫЛУЛАРЫ БАР БАЛАЛАРДЫ КӘСІБИ БАҒДАРЛАУ МЕН ӘЛЕУМЕТТЕНУДЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ
Loading...
Date
2024
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
SDU University
Abstract
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың басым бағыттарының бірі, бүкіл әлемдік кеңістіктегідей - тең сапалы және қолжетімді білім беруді қамтамасыз ету бойынша орнықты дамудың 4-ші мақсатына қол жеткізу және барлық адамдар үшін өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандыру болып табылады. Сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер елдің негізгі бағдарламалық құжаттарына қосылды, заңнамалық актілер мен нормативтк құжаттарға қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осыған байланысты оқушының жеке тұлғасы бірінші орында болады, себебі оның әлеуметтенуінің табыстылығы, оның өміріне қанағаттануы білім алушының жеке мүмкіндіктерін, қабілеттері мен ерекше қажеттіліктерін ескеретін сапалы біліммен байланысты. Қазіргі уақытта мұғалімдер заманауи әлемнің жетістіктері мен сын тегеуріндеріне обьективті қарап, жаңа білім беру парадигмасын құруы керек. Қазіргі заманның балаларына білім беру кезінде ерте жастан бастап жаһандық дағдылар мен өмір бойы білім алуға деген ұмтылысты қалыптастыру өте маңызды. Осыған байланысты білім берудің мақсаты кең спектрлі дағдылары бар білім алушының жеке тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін құру болып табылады. Осы міндеттерді іске асыру шеңберінде мектеп ортасы барлық балаларға, оның ішінде оқуда мінез-құлық және ерекше қиындықтары бар балаларға қоғамға толыққанды араласуға дайындығына ықпал ететін сапалы білім алуға мүмкіндік беруі маңызды. Әдістемелік ұсынымдарда аутизм спектрінің бұзылыстары бар балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерінің сипаттамасы ұсынылған; негізгі тұжырымдар келтірілген және жалпы білім беру процесіне оқуда мінез-құлық және ерекше қиындықтары бар, оның ішінде аутизм спектрінің бұзылулары бар балаларды қосу бойынша ұсыныстар берілген. Бұл ұсынымдар аутистік спектр бұзылыстары бар білім алушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді; ұйымдастыру, кәсіби бағдарлау және әлеуметтендіру, мектеп қоғамдастығында инклюзивті мәдениетті дамыту мақсатында мектеп әкімшілігі мен педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталған
Description
Keywords
аутизм спектрі, психофилология, аутизм спектрінің бұзылуы
Citation
Исмагулова С.К , Кошербаева Л.К / АУТИЗМ СПЕКТРІНІҢ БҰЗЫЛУЛАРЫ БАР БАЛАЛАРДЫ КӘСІБИ БАҒДАРЛАУ МЕН ӘЛЕУМЕТТЕНУДЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ / SDU University / 2024