Search Results

Now showing 1 - 6 of 6
  • ItemOpen Access
    Негізгі мектепте оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру жолдары
    (2020 International Young Scholars, 2020) Сайдалиева И.
    Аңдатпа Негізгі мектепте оқушылардың қызығушылығын ояту қаншама жылдар бойы педагогикадағы ең көп сұранысқа ие мәселелердің бірі болып келген. Бұл мақалада еліміздегі сол жеткіншек ұрпаққа білім берудегі оқытушылардың міндеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар оқушының өмірге деген көзқарасын дамыту, жанжақты болуын қадағалау керектігі және оқушының әртарапты дамуында ата-ана мен оқытушының рөлінің маңыздылығы баяндалады. Сонымен бірге оқушы белсенді іс-әрекет негізінде білім алатыны және мұнда оның айналасындағы достарымен жарыса отырып оқуы тиімді екендігі айтылған. Сондай-ақ, баланың өз ойының болу керектігін, сонымен қатар баланың өзіндегі ішкі мотивациясын оятып, оқуға деген талпынысын күшейту өте маңызды екенін ұмытпауы керектігі айтылған. Және оқушылардың ,ең болмағанда, ай сайын өздеріне жасаған тірліктері туралы есеп беріп отырулары да пайдалы екенін ескеру баяндалған.
  • ItemOpen Access
    Негізгі мектеп математикасын оқыту барысында оқушылардың білім алуға деген мотивациясы
    (2020 International Young Scholars, 2020) Сайлаубаева А.Б.
    Андатпа: Қазақстанның білім беру жүйесі бойынша оқушы 11 немесе 12 жыл мектепте оқиды. Соның ішіндегі ең маңызды және ұзақтығы бойынша негізгі мектеп дей айталамыз, өйткені негізгі мектеп- білім жүйесінің басты буыны болып табылады. Математика негізінен оқушылар үшін күрделі сабақтардың бірі болып табылады, сонымен қатар негізгі мектептің 7 сыныбында математика: алгебра және геометрия болып бөліне бастайды, яғни бұл оқушылардың математика сабағын оқудағы мотивациясын не түсіру, не жоғарталу факторы болу мүмкін. Сондықтан осы уақытта оқушыға мотивация бере алу өте маңызды. Бұл мақалада мотивация сөзі жайлы, мотивацияның туа бітетін немесе жандандыруға болатын қасиет пе, мотивацияның түрлері, мотивацияның оқу барысындағы рөлі, оқу барысында оқушыларды қалай ынталандыруға және ынтасын көтеруге болатыны жайлы айтылады.
  • ItemOpen Access
    PROJECT-BASED LEARNING AS AN APPROACH TO DEVELOP CRITICAL THINKING SKILLS: A LITERATURE REVIEW
    (2020 International Young Scholars, 2020) Junisbayeva S.
    Abstract Project-Based Learning is a learner-centered approach, which is known as one of the ways that facilitates the development of professional competencies and promotes learners’ critical thinking skills. This paper provides a selective review of the literature and the analysis of the studies on Project-Based Learning (PBL) in the field of foreign language education and critical thinking skills including the main concepts, key components and a learning process within PBL. PBL has a strong theoretical support from the foreign literature, and most of the researchers understood and implemented it as an approach to foster critical thinking skills in the reviewed studies; however, not all of them complied with its essential elements proposed as “Gold Standard of PBL”. Particularly, the analysis of the selected studies in PBL sphere revealed that most of the researchers did not take into consideration the requirements of the last and main stage of the PBL as “Public product”, that demands the projects to be presented in front of the alternative audience. Even though, the final products were designed within these projects, they were not performed out of the classroom, which in its turn is opposite to the policy of rigorous “ProjectBased Learning”.
  • ItemOpen Access
    Ақпаратты өндіру, қабылдау және қайта өндіру: Н. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарлама-мақаласы мысалында
    (2020 International Young Scholars, 2020) Қыдырбаев О.
    Аңдатпа. 2017 жылдың 12 сәуірінде "Егемен Қазақстан" газетіне Н. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарлама-мақаласы жарияланды. Мақала жариялана салысымен саясаткерлер, қоғам қайраткерлері және мемлекеттік басылымдар оны жаппай насихаттай бастады. Соңғы бірнеше жылда “Рухани жаңғыру” бағдарламасының негізгі идеясын көпшілікке түсіндіру үшін мемлекет бюджетінен миллиондаған қаржы бөлінген. Бұл зерттеу жұмысы Стюарт Холлдың қабылдау анализі (reception analysis) теориясына сүйене отырып, автор (яғни президент Назарбаев) аудиторияға қандай мессейдж жолдағанын, аудитория ол ақпаратты қалай қабылдап және ақпаратты қалай қайта өндіргенін анықтауды мақсат етеді. Зерттеу барысында бағдарлама-мақаланың қазақ және орыс тіліндегі тақырыптары өзара салыстырылып, “Егемен Қазақстан” газетінің 1 күндік шығарылымындағы “Рухани жаңғыру” тақырыбына қатысты материалдарға контентанализ жасалды. Сондай-ақ онлайн-анкета көмегімен аудиторияның “Рухани жаңғыру” идеясын қалай түсінгенін анықтап көрдік. Зерттеу нәтижесі бір бағдарлама қазақша және орысша сөйлейтін қазақстандықтарға екі түрлі месседж жолдайтынын, мемлекеттік медиа ұсынған ақпаратты оқырман дәл сол қалпында қабылдамайтынын, тіпті кейде мүлде теріс қабылдайтынын ортаға шығарды. Осылайша мемлекет жүргізіп жатқан екі қырлы пропагандалық саясаттың тиімсіздігі, ал аудиторияның 1920-1940 жылдардағы ықпал зерттеулері (Лазарсфельд, Ласуел, т.б.) айтқандай пассив емес, керісінше, актив екендігі анықталды.
  • ItemOpen Access
    Латын графикасына негізделген әліпби нұсқаларына лингвоәдістемелік талдау
    (2020 International Young Scholars, 2020) Багиева Ш.
    Аңдатпа Қазақ тілінің әліпбиін реформалау – күн тәртібіндегі басты мәселе екені белгілі. Соңғы үш жылда үш әліпби (диграфты, апострофты және акутты) нұсқасы ұсынылып, көпшілік талқысына түсті. Ғалымдар мен қалың бұқара үш нұсқаны да қолдамады. 2019 жылдың 21 қазанында Президент Қ. Тоқаев тіл мамандарына соңғы акутты нұсқаны жетілдіру туралы тапсырма берді. Президент тапсырмасын орындау мақсатында Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл - Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының тілші ғалымдардан құралған жұмыс тобы жетілдірілген әліпби нұсқасын дайындады. Кейбір ғалымдар жетілдірілген нұсқадағы «и», «й», «у» дыбыстарының таңбалануымен келіспей, Ә. Жүнісбектің «Ұлттық әліпби» нұсқасын ұсынып, қарсы уәж білдірді. Біздің мақсатымыз – әліпби нұсқаларына (акутты, жетілдірілген, ұлттық) лингвистикалық, әдістемелік талдау жасап, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау және оқытуға ыңғайлы нұсқаны көрсету. Ол үшін талдау, салыстыру, жалпылау әдістері қолданылды. Нәтижесінде үш әліпби ішінен жетілдірілген әліпби нұсқасының қазақ жазуын дамыту әлеуеті жоғары екені, сондай-ақ қазіргі жазарман мен оқырман үшін көп қиындық туғызбайтыны анықталды.
  • ItemOpen Access
    Математика пәнінің негізгі түсініктерін оқушыларға оқытудың әдістері
    (2020 International Young Scholars, 2020) Есиркегенова Д.Е.
    Аңдатпа Бұл мақалада математика пәнінің негізгі түсініктерін оқушыларға оқытудың әдістемесі жайында айтылады. Оқушылар мен мұғалім арасындағы мәмілені қалай жақсарта алу жолдары қарастырылады. Математика ұғымы тек сандар мен формулалармен шектемей, басқа салалармен қарастыра отырып түсіндіру жолдары қарастырылған. Математиканы оқытудың әрбір кезеңінде оқушылардың бағдарламалық материалдарды оқып үйренуі олардың алдыңғы курста оқып үйренгенде қабылдаған тереңде берік білімдеріне, іскерліктеріне және дағдыларына, сонымен бірге, математиканы окытудағы қызығушылығын дамытуға да байланысты болады. Математиканы оқыту үрдісінде оқушылардың математикалық ойлау, математикалық шығармашылық қабілеттерін дамытуда математиканы оқытудың тиімді тәсілдері мен әдістерін қолдана білу.