2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРІНДЕГІ «ЖҮРЕК» КОНЦЕПТІСІ(Қазақстан ғылымының дамуы мен келешегі жастар көзімен - 2018, 2018) Исатай А.; Жанболатова С.Бүгінгі таңда тілі, діні, мəдениеті əр түрлі тілдердегі концептілерге лингвомəдени талдау жасау арқылы, сол концептілердің тілдегі ұлттықмəдени ерекшелігін анықтау өзекті мəселе болып табылады. «Концепт –тілдік ақпаратты кодтайтын, сөздің ішкі мазмұнын, мəнін танытатын, оның затқа, реалийге қатысын, шындықты бейнелеуін көрсететін жəне сол ақпаратты келер ұрпаққа жеткізетін тілдік таңбалар жиынтығы». Кез-келген тілдегі концептілер жүйесі қоршаған орта туралы қалыптасқан ақпараттардың жиынтығы түрінде түзіледі, осы ақпараттар жиынтығы ғаламның тілдік бейнесін түзеді. Тіл білімінде соматизмдердердің фразеологизм жасауға қатысу дəрежесінің түрлілігі дене мүшелері қызметінің адам үшін аса белсенділігімен анықталады. «Жүрек – қорқыныш, қайғы, мұң, қуаныш, жақсылық, махаббат, сезім, сүйіспеншілік нышаны ретінде қазақ жəне түрік фразеологизмдерінің құрамында кеңінен көрініс тапқанын байқауға болады. Осыған байланысты, мақалада қазақ жəне түрік халықтарының тілдік санасындағы “Жүрек” концептісі қорқыныш, қуаныш, махаббат, қайғы-мұң т.б. лексика-семантикалық топтарға жіктеледі. Мұнымен қатар, мақалада қазақ жəне түрік фразеологизмдеріндегі “Жүрек” концептісіне лингвомəдени талдау жасалып, олардың лингвомəдени ерекшеліктері анықталады.Item Open Access ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ АҚ / ҚАРА СӨЗДЕРІ ҰЙЫТҚЫ БОЛҒАН ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРГЕ ЛИНГВОМӘДЕНИ ТАЛДАУ,(Қазақстан ғылымының дамуы мен келешегі жастар көзімен - 2018, 2018) Алтыншаш Қ.Бүгінгі таңда лингвистикада түр-түс атауларының зерттелуіне айрықша мəн беріліп келеді. Түр-түс атаулары– əрбір халықтың ұлттық мəдениетін танып-білудің негізгі құралы. Зерттеушілердің бұл салаға қызығушылықпен қарауының басты себебі – осында. Мəдениетаралық қатынастың кеңеюіне байланысты, тілі, діні, мəдениеті əр түрлі тілдердегі түр-түс концептісін ашатын сөз тіркестеріне лингвомəдени талдау жасау арқылы, «түр-түс» атауларының тілдегі ұлттық-мəдени ерекшелігін анықтау өзекті мəселе болып табылады. Мақалада ғылыми зерттеулерде қара түске байланысты атаулар мағынасына қарай бірнеше топқа бөлініп, жамандықтың; қатыгездіктің; бастапқылықтың; киеліліктің қарапайымдылықтың; қайғы-мұңның белгілері ретінде қарастырылады.