ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРІНДЕГІ «ЖҮРЕК» КОНЦЕПТІСІ
Loading...
Date
2018
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Қазақстан ғылымының дамуы мен келешегі жастар көзімен - 2018
Abstract
Бүгінгі таңда тілі, діні, мəдениеті əр түрлі тілдердегі концептілерге лингвомəдени талдау жасау арқылы, сол концептілердің тілдегі ұлттықмəдени ерекшелігін анықтау өзекті мəселе болып табылады. «Концепт –тілдік ақпаратты кодтайтын, сөздің ішкі мазмұнын, мəнін танытатын, оның затқа, реалийге қатысын, шындықты бейнелеуін көрсететін жəне сол ақпаратты келер ұрпаққа жеткізетін тілдік таңбалар жиынтығы». Кез-келген тілдегі концептілер жүйесі қоршаған орта туралы қалыптасқан ақпараттардың жиынтығы түрінде түзіледі, осы ақпараттар жиынтығы ғаламның тілдік бейнесін түзеді. Тіл білімінде соматизмдердердің фразеологизм жасауға қатысу дəрежесінің түрлілігі дене мүшелері қызметінің адам үшін аса белсенділігімен анықталады. «Жүрек – қорқыныш, қайғы, мұң, қуаныш, жақсылық, махаббат, сезім, сүйіспеншілік нышаны ретінде қазақ жəне түрік фразеологизмдерінің құрамында кеңінен көрініс тапқанын байқауға болады. Осыған байланысты, мақалада қазақ жəне түрік халықтарының тілдік санасындағы “Жүрек” концептісі қорқыныш, қуаныш, махаббат, қайғы-мұң т.б. лексика-семантикалық топтарға жіктеледі. Мұнымен қатар, мақалада қазақ жəне түрік фразеологизмдеріндегі “Жүрек” концептісіне лингвомəдени талдау жасалып, олардың лингвомəдени ерекшеліктері анықталады.
Description
Keywords
қазақ жəне түрік тілдері, соматизмдер, жүрек, фразеологизмдер, мақал-мəтелдер, концепт, лингвомəдени талдау, Қазақстан ғылымының дамуы мен келешегі жастар көзімен - 2018, №7
Citation
Исатай А , Жанболатова С / ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРІНДЕГІ «ЖҮРЕК» КОНЦЕПТІСІ / Қазақстан ғылымының дамуы мен келешегі жастар көзімен - 2018