25 results
Search Results
Now showing 1 - 10 of 25
Item Open Access ЖҰМАБАЙ ШАШТАЙҰЛЫ ПОВЕСТЕРІНДЕГІ ӘЙЕЛДЕР БЕЙНЕСІ(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Нұрбану К.Аңдатпа. Мақалада жазушы Жұмабай Шаштайұлының шығармаларындағы әйелдер образына талдау жасалды. «Аспанқора повесіндегі Ханымкүл образы мен Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» әңгімесіндегі Шолпанның образына салыстырмалы талдау жасалып, образдардың типологиялық ерекшеліктері, жасалу жолдары анықталды, кейіпкер характерін сомдаудағы автордың мотивтері, ұстанымы анықталды. Аталған повестегі Қаламқас образы және «Құралайдың салқыны» повесіндегі Қадірсіздің образына талдау жасалып, олардың дәстүрлі қазақ әйелдерінің келбетін сомдайтын типтік бейне екені дәлелденді.Item Open Access ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ ТІЛДІК ТҰЛҒА: КАТЕГОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТИПОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІК(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Жолшаева М.С.; Балтамуратова Ж.А.Аңдатпа. Мақалада соңғы жылдары тіл ғылымындағы зерттеулерде қолданылып жүрген «эпистолярлық тілдік тұлға» тіркесінің терминдік статусына байланысты сұрақтар көтеріледі. Ғалымдардың тілдік тұлға феноменін зерттеудегі өзіндік концепциялары, соның ішінде тілдік тұлға типологиясын жасауда ескеретін критерийлердің түрліше болып келуіне орай тілдік тұлғаны топтастырудағы көзқарастары тіл ғылымының салаларына байланысты салыстыра қарастырылды. Эпистолярлық тілдік тұлғаны қарастыру барысында ескерілетін лингвистикалық және экстралингвистикалық факторларға, эпистолярлық қарым-қатынас аясындағы автор образы және оның мәтінде тілдік көрініс табуының ерекшеліктеріне талдау жасалады. А.В.Курьяновичтің эпистолярлық тілдік тұлғаға берген анықтамасына сүйене отырып, эпистолярлық тілдік тұлғаның категориялық және типологиялық ерекшеліктері анықталады. Талдау материалы ретінде Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының М.Ғабдулин, М.Әуезов, М.Әбдіхалықовқа жазған хаттары негізге алынды.Item Open Access ПРАВОВОЕ РЕГУЛИРОВАНИЕ НЕОБЕСПЕЧЕННЫХ ЦИФРОВЫХ АКТИВОВ НА ТЕРРИТОРИИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Хасанов М.Е.Аннотация: В данной научной статье был рассмотрен вопрос по правовому регулированию необеспеченных цифровых активов на территории Республики Казахстан (РК). Теоретическая значимость исследования, заключается в улучшении законодательства РК по правовому регулированию необеспеченных цифровых активов. На основе имеющейся отечественной правовой базы по цифровым активам, был проведен анализ основных определении, видов, а также компетенции уполномоченного органа РК по вопросам цифровых активов, в результате которого были выдвинуты альтернативные точки зрения по улучшению правового регулирования необеспеченных цифровых активов. Практическая значимость исследования обусловлена тем, чтобы улучшить правовую базу и судебную практику при рассмотрении дел, связанные с необеспеченными цифровыми активами на территории РК. При проведении исследовательской работы по указанной теме научной статьи, были применены следующие методы: правовой анализ, сравнение, систематизацияaItem Open Access ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВ «ҒАСЫРДАН ДА ҰЗАҚ КҮН» РОМАНЫНДАҒЫ УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК КАТЕГОРИЯСЫ(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Ізбай І.Ө.Аңдатпа. Мақалада қырғыз халқының жазушысы Шыңғыс Айтматовтың алғашқы туындыларының бірі «Ғасырдан да ұзақ күн» романы мен хронотоп мәселесі қарастырылды. Қазақ прозасындағы көркем уақыт пен кеңістік мәселесіндегі психологизм, кейіпкерлер әлемі, эмоциялық құбылулардың сюжет динамикасына әсері сөз болып, авторлық баяндауға ден қойылды. Көркем кеңістік пен уақыт байланысы күрделі сипат алған Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» романы талданды. Әдеби көркем туындыда кеңістік пен уақыт белгілері, оның сипатын беретін негізгі элементтер түр-түрге бөлініп шығарма құрылымын құрайды. Мақалада олардың арасындағы байланыс пен алшақтық, бірігуі мен бөлінуінің автор қолданысындағы көрінісі қарастырылды. «Боранды бекет» аталып кеткен Ш. Айтматовтың шығармасындағы сюжеттік құрылымында маңызды рөл атқарған уақыт және кеңістік категориясының түрлеріне кеңірек тоқталып, романнан үзінді мысалдармен дәйектелді.Item Open Access SURVIVING THROUGH ORGANISED CRIME: A COMPARATIVE STUDY OF ILLICIT NETWORKS IN TRANSNISTRIA AND ABKHAZIA(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Ariadna M.E.Abstract. This paper explores the connection between the existence of illicit networks and the survival of the de facto states of the Republic of Transnistria and the Republic of Abkhazia. The paper argues that organized crime plays a dual role in the continuity of state and society in these regions, both supporting and hindering state-building and the attainment of a strong, independent state. The study first provides a brief overview of organized crime and its impact on state characteristics. It then delves into the characteristics of organized crime in Transnistria and Abkhazia separately to draw conclusions about their similarities and differences. Finally, the research examines the role of illicit activities in the survival of these de facto states. The findings suggest that the presence of illicit networks has significant implications for state survival and development in post-Soviet de facto states.Item Open Access «Совершенствование законодательства Республики Казахстан о персональных данных на основе общего регламента по защите персональных данных (GDPR)»(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Темірболат А.С.Abstract: Due to the fact that with the development of information technologies and automated systems, a person's personal data is becoming increasingly isolated from private life as a subject of legal relations, the practice of protecting them is just beginning to accumulate and acquire an integrated approach. And also, personal information is recognized as one of the priority objects of organizational and legal protection, since under certain conditions and circumstances it follows from the right to privacy. In human life, the provision of information about oneself to other members of society, as well as public relations for the provision and protection of information are regulated by the norms of law. Thus, effective management of an employee's behavior in the course of work is possible only if there is reliable information about his personality provided in sufficient volume. This fact is clearly fixed in the Labor Code of the Republic of Kazakhstan. In a special chapter of the codified labor legislation, the employer is allowed to receive, store, combine and use the personal data of the employee hired by him.Item Open Access ЦИФPЛAНДЫPУ ЖAҒДAЙЫНДA БIЛIМ БEРУДIҢ 8-СЫНЫП ГЕОМЕТРИЯСЫН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Bаzаrbекоvа D.Аңдатпа. Осы тақырыпта цифрландыру аясында ортанғы сыныптарда геометрия пәніне талдау жүргізіп, дайарлаудың керекті әдістерін пайдалану керектілігі теориялық тұрғыда көрсетілген. Цифрландырудың қиын тұстары білім беру саласында болуы мүмкін. Математика сабақтарында скаляр шамаларды тиімді шешу жолдары қарастырылған. Ақпараттық технологияларда геометриялық жүйенің тиімділігі көрсетілген. Қандайда бір есептерді түрлі формулалармен шешу жолдары нақтыланған. Ғылыми калькулятормен қалай дұрыс жұмыс жасау керек екендігі баяндалған. Кез келген тақырыпты оқытқанда басқа геометриялық фигураларды және оларға сәйкес скалярларды пайдаланып есептер құрастыруға және шешуге болады. Сонымен қатар, әртүрлі математикалық модельдерді қолдана отырып, мәселені әртүрлі тәсілдермен шешу мүмкіндігін атап, өту маңыздығын арттыру бағыты нақты баяндалған. Пайдаланылған әдебиеттер де дәлме дәл көрсетілген.Item Open Access ПОДКАСТ – ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) А.Т. ӘбілдаАңдатпа. Білім беру үдерісіне қандай технологияларды енгізе аламыз? Біздің басты мақсатымыз - білім берудегі инновациялық технологиялар негізінде қазақ тілі сабақтарында подкаст технологиясын дидактикалық құрал ретінде пайдалану. Білім беруде жаңа технологияларды пайдалану өте маңызды. Соның ішінде подкаст қызметін қолдану тіл үйренуде тиімді құралдардың бірі. Сондықтан бұл қызмет оқыту технологиясы ретінде жеке қарастыруды қажет етеді. Подкаст – ұзынды-қысқалы серияларға біріктірілген, жүктеп алуға және онлайн тыңдауға болатын аудио жазбалар. Бұл мақалада подкаст технологиясының тәжірибеге ену мәселесі талқыланып, оны қазақ тілі сабақтарында тиімді пайдалану және құрастыру жолдары қарастырылады. Білім саласындағы инновациялық технологиялар дегеніміз - тек техникалық құралдар ғана емес, сонымен бірге жаңаша әдістеме, білім берудің жаңа амалы.Item Open Access ҚОЗҒАЛЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ МӘТІНДІ ЕСЕПТЕР ЖАЙЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІКТІЛІГІН АНЫҚТАУ ТЕСТІ(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Эльвира АмантаеваАңдатпа. Мақала жалпы білім беретін мектепте жоғары сынып оқушыларына қозғалысқа байланысты есептер жайлы білім деңгейін анықтауға арналған. Сондықтан осы мақсатты жүзеге асыру үшін бірте бірте күрделенетін тест тапсырмалары ұсынылады. Осы тапсырмаларды орындау барысындағы оқушылардың нәтижесін ескере отырып, мақала авторы қозғалысқа байланысты есептер жайлы оқушылардың нені білетіндігін, нені нашар білетіндігін, неге солай болатындығын тырысқан. Мақала жалпы білім беретін орта мектептің мұғалімдеріне, педагогикалық университеттердің математика факультетінде оқитын студентттер, магистранттар мен докторанттарға арналған.Item Open Access ҚАЗАҚ ТІЛІН ШЕТ ТІЛІ РЕТІНДЕ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Р.Ж.АбнасыроваАңдатпа. Ұсынып отырған мақалада шетелдік студенттерге ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен сабақты түрлендіру мәселесі қарастырылады. Осы технологияларды тиімді қолдану арқылы біз шетелдік студенттердің қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыра аламыз. Мақалада тіл үйренушіге алғашқы сабақты үйрету тәсілдері және ол жерде қолданылатын түрлі ойындар мен тапсырмаларды жинақтап көрсетеміз. Атап айтатын болсақ, қазіргі кезде интерактивті жаттығулар жасауға арналған көптеген онлайн-ресурстар өте көп. Солардың ішінде бізге қазақ тілін үйретуге жақсы келетін бағдарлама ол – LearningApps. Сонымен қоса, қашықтан оқыту кезінде студенттердің сабаққа деген ынтасын арттыратын қызықты тапсырмалар жинағын https://quizlet.com, https://docs.google.com/forms, https://www.menti.com бағдарламар арқылы да жасауға болады. Мақалада қазақ тілін шетелдік азаматтарға үйрету кезінде қолдануға тиімді бағдарламалар ретінде осы жоғарыда айтылған бағдарламалар қарастырылды.
- «
- 1 (current)
- 2
- 3
- »