Search Results

Now showing 1 - 10 of 38
  • ItemOpen Access
    БАТЫРЛАР ЖЫРЫНДАҒЫ ӘДЕБИ ҚАҺАРМАННЫҢ ПОРТРЕТІ ЖӘНЕ ОНЫ БАЛА ҰҒЫМЫНА САЙ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ ЖОЛДАРЫ
    (СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Ж. Мамбетов; Р. Адай
    Аңдатпа. Ерліктің, Отан сүйгіштіктің, белгілі бір мақсат жолында жан аямай күресетіндіктің, намыстылықтың неше алуан үлгісін танытатын қаһармандар эпос туындыларында көптеп кездеседі. Әсіресе қаһармандық жырларды ел жүрегіне жақын ететін олардың отаншылдық идеясы. Адам қоғамы дамуының барлық кезеңінде де рудың, тайпаның, мемлекеттік бірлестіктердің тыныштығын, бүтіндігін қорғау, жауды жеңіп, бақытты өмір орнату мәселесі ең күрделі мәселе болып келген. Дәл осы арман батырлық жырлардың айрықша сипаты болып табылады. Қазақ эпосының күрделі бөлігін құрайтын батырлар жырында осы белгілер толығымен бар. Әрине әрбір жырдың құрылысына, идеялық бағытына лайық ерлік идеясы түрлі дәрежеде көрініс береді. Батырлық жырлардағы ерліктік сипаты өзгеше. «Жеңілмейтін қаһармандарды» суреттеуі және оның басына ең асыл қасиеттерді жиып беруі халық қиялының шексіздігін көрсетеді және эпикалық жырлардың ерекшелігін танытады.
  • ItemOpen Access
    ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҚИССА-ДАСТАНДАРДАҒЫ ДҮНИЕТАНЫМ
    (СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Ә.С. Зейнеғабылов
    Аңдатпа. Мақалада қазақ халық ауыз әдебиетіндегі қиссадастандардың жанры,поэтикасы мен жалпы фольклорлық ерекшеліктері туралы , олардың мазмұны мен стилі бойынша білім беру мақсаттарын жүзеге асыруға көмектесетін көптеген пайдалары жайында айтылды.Орта ғасырлардағы ислам діні тарихына қатысты оқиғаларды мейлінше жинақтап,топтап,біртұтас дүние құрауға ат салысқан қисса-дастандардың табиғатын түсініп,бағалауымыз керек. Тарихымызда имани әңгімелердің қайнар көзі болған қисса-дастандар - адамды дін догмасына ұрынудан сақтайтын бірден-бір рухани иммунитет болып табылады.Сондай-ақ қазақ халқының жоғалуға таяған ең басты мәдени құндылығын бірі екені сөз қозғалды.
  • ItemOpen Access
    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗМ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ НАСИХАТ
    (СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Карымсақова Қ.К.
    Аңдатпа. Бұл мақалада Діни экстремизм - діни идеологияға негізделген экстремизмнің бір түрі екендігі айтылады. Діни экстремизмге: экстремистік діни идеология, экстремистік діни сезімдер, экстремистік діни мінез-құлық, экстремистік діни ұйымдар туралы айтылады. Сонымен қатар. Қазақстан мемлектіне халықаралық терроризмнің қауібі жайында және де террористік лаңкес топтардың интернет арқылы өз идеологияларын жастарға тарату туралы сөз қозғалады.
  • ItemOpen Access
    ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
    (СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Э.Қ. Мәулен
    Аңдатпа. Мақалада оқушылардың танымдық іс- әрекетінің теориялық негіздері қарастырылған. Erep oқу үрдісінде балаларды өзіндік және шығармашылық қызметке үйрететін болса, онда олардың интеллектуалдық дамуы және білімге деген танымдық қызығушылығы жандандырылады..
  • ItemOpen Access
    НОВЫЙ ВЗГЛЯД НА ЭЛЕКТРОННУЮ ТОРГОВЛЮ В 2020 ГОДУ
    (СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Aскарова А.
    Аннотация. В данной статье рассматриваются современное состояние, проблемы и перспективы развития электронной торговли. B Республике Казахстан. В связи с развитием Интернет платформы электронная коммерция дала неимоверный прогресс по всему миру, благодаря чему изменила традиционные торговые отношения в иную форму, изменив мышление как продавцов, так и покупателей. При появлении желания приобрести товар любого вида потребителю не обязательно выходить из дома, а можно лишь при помощи «пару кликов» получить желаемое. Помимо этого, ToBap не обязательно должен быть B городе или стране покупателя, заказ и доставка могут совершаться из других стран. В связи с растущей популярностью данного вида торговли были изучены структура данного рынка, уровень влияния Интернета на общество и на объемы электронной коммерции, а также аспекты, влияющие на развитие данного вида деятельности.
  • ItemOpen Access
    АСҚАР АЛТАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘУЕЛСІЗДІК КӨРІНІСІ
    (СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Б.Д. Керімбекова; Н.Е. Мубарак
    Аңдатпа. Бұл мақала тақырыбының өзектілігі - Асқар Алтай шығармаларындағы тәуелсіздік идеясының жан-жақты қарастырылуы. Тәуелсіздк кезеңіндегі қазақ прозасының көркемдік қызметін анықтау үшін Асқар Алтай шығармаларын жан-жақты талдап, прозадағы маңызын айқындай түседі. Қазіргі қазақ прозасында тәуелсіздік идеясы қандай қырымен көрінді, оның мән-маңызы, адам болмысын өз шығармасына арқау еткендегі қызметі қандай болды деген сауалдарға жауап беру үшін салыстыру негізінде ой қорыту болды. Асқар Алтай прозасындағы адам мен қоғамкөріністерін шығарма негізінде талдап көрсетті.
  • ItemOpen Access
    ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ - ИНТЕЛЕКТУАЛДЫ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫ АЛҒЫ ШАРТЫ
    (СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Б. Хасен; T. Базарқұл
    Аңдатпа. Мақаладада PISA және TIMSS зерттеулеріне сүйене отырып, Қазақстандағы орта білім беру жүйесіндегі функционалдық сауаттылықтың даму деңгейіне талдау жасалған. Функционалдық сауаттылық ұғымын ашып, оның түрлеріне тоқталған. Функционалдық сауаттылықпен байланысты құзыреттерайтылып, функционалдық оқу ұғымының ерекшелігін көрсеткен. Функционалдық оқу дағдыларын өз бойына қалыптастырған оқушыға тән сипаттар жинақталып берілген. Функционалдық оқу дағдыларының оқу сауаттылығына әсері талданған. Сауаттылықты қалыптастырудың әлемдік тәжірибелерін тілге тиек ете отырып, Қазақстан орта білім беру жүйесіндегі оқу сауаттылығын қалыптастыруың өзекті мәселелері атап көрсетілген. Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқитын мектептерде мемлекеттіктілді үйрету сапасын көтерудің басты шарты оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру деп танылған. Оны бірнеше ұстанымға негіздеп, нақты тұжырымдар ұсынылған.
  • ItemOpen Access
    ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ЖАСӨСТПІРІМДЕРДІҢ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫНА ИНТЕРНЕТТІҢ ӘСЕРІ
    (СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Нұрқұс Б. ; Жұмағали А.
    Аңдатпа. Жасөспірімдердің қылмыстылық проблемасы әрдайым криминология үшін өзекті. Жасөспірімдердің қолымен жүзеге асып жатқан құқық бұзушылықтардың өз көрінісін табуы олардың әлеуметтік-құқықтық сипатын және себептерін кешенді криминологиялық зерттеуді талап етіп отыр. Сол себепті бұл мақалада кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы, оның себептері, атап айтқанда интернеттің әсері, девиантты мінез-құлықтың қалыптасуына интернеттің әсері мәселелері қарастырылған.
  • ItemOpen Access
    ОБЗОР УГРОЗ ИНФОРМАЦИОННОЙ БЕЗОПАСНОСТИ В ПРЕДПРИЯТИИ
    (СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Атымтаева Л. ; Баймуратов О. ; Хашимова Д.А.
    Аннотация. В данной статье представлены результаты анализа по выявлению групп угроз, специфичных для инфраструктуры и систем предприятии которое является одним из основных этапов в прогнозировании. Рассмотрены состояние информационной безопасности на предприятиях, проанализированы квалификации угроз безопасности и методов классификации, основанные на методах атак и на воздействии угроз. Оценены угрозы по безопасному использованию Интернета и взламыванию сайтов, краж данных, атакам фишинга и социальной инженерии; выявление угроз безопасности облачных вычислений, которые встречаются в интернет сетях предприятии. Изучены преимущества и недостатки Файрвол веб-приложений (WAF), который применяются для защиты атак, такие как DDoS-атаки, SQL-инъекции, межсайтовый скриптинг (XSS), и др. Представлены работы для обеспечения защиты с применением искусственного интеллекта и машинного обучения.
  • ItemOpen Access
    ЛATЫН ӘЛІПБИІН ҚАБЫЛДАУ - БОЛАШАҚПЕН САНАСУ
    (СДУ хабаршысы - 2020, 2020) ХА. Ордабекова; А.Д. Темірбаева
    Аңдатпа. Аталған мақалада латын әліпбиіне көшудегі мақсат, ұлттық жазуды қалыптастыру, жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері, жазу мәдениетін компьютер техникасы арқылы дамыту қарастырылады. Мақаланың кіріспесінде латын әліпбиінің әлемде кеңінен қолданылуы, қазіргі латын әліпбиіндегі 25 таңба, әлем елдерінің 80-нен астамы латыннегізді әліпбиді пайдаланатындығы туралы ақпарат келтіріледі. Әллемдік тәжірибеге сүйене отырып қазақ тілінің заңдылықтарына сай өз әліпбиімізді латын қарпі негізінде жасау мәселесі көтеріледі. Рухани жаңғыру негізінде қолға алынған қазақ жазуына реформа жасау «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында латын негізді әліпбиді оңтайлы әрі жеңіл қолданысқа енгізу цифрлық технологиялар арқылы жүзеге асыру көзделеді. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі білім беру саласында сандық сауаттылықты меңгерту, білім сапасын арттыру үшін дүниежүзілік тәжірибеден үздік инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану аясында жүзеге асырылатындығы айтылады. Кілт сөздер: жаңа әліпби, латын, цифрлық технология, емле ереже, білім беру.