Search Results

Now showing 1 - 10 of 44
  • ItemOpen Access
    КАРИКАТУРА — САЯСИ ДИСКУРСТЫҢ БІР ЖАНРЫ РЕТІНДЕ
    (СДУ хабаршысы - 2017, 2017) А.Ә. Жұмағұл; Х.А. Ордабекова
    Аңдатпа. Бұл мақалада мәтінге лингвистикада қойылатын талаптар туралы жазылды. Уақыт өте келе мәтінге алғашқы уақыттарда берілген анықтамалар бүгінгі таңдағы мәтін ұғымын жан-жақты ашып бере алмайтындығы сөз етілді. Тіл білімінде мәтінді синтаксистік бірлік, бір ойды білдіретін, логикалық байланысқа құрылған сөйлемдер жиынтығы деп қана тану аясы тар тұжырым. Қазіргі таңда мәтін ақпараттылық, жинақтауыштық, модальдылық, адресаттылық, дискреттілік категориясына сәйкес келу керек. Бұл категориялар қазіргі тіл білімінде мәтін мен дискурсқа қойылатын талаптар іспетті. Осы категорияларға жауап бере алатын креолды мәтіндер болып табылады. Мақалада карикатураны креолды мәтіннің бір түрі ретінде алып, мазмұндық белгісіне сәйкес саяси дискурстың бір жанры болғандықтан, алдымен оның ақпараттылығын қарастырылады. Мақалада қазақ тіл білімінде алғаш рет карикатураны саяси дискурстың жанры ретінде қарастыру мәселесі жазылған.
  • ItemOpen Access
    БАНКРОТСТВО КАК ЭКОНОМИЧЕСКАЯ КАТЕГОРИЯ
    (СДУ хабаршысы - 2017, 2017) Ж.С. Мукашева
    Аннотация. Целью данной статьи является рассмотрение банкротства как экономической категории. Так как сегодня в условиях кризисных явлений и жесткой конкуренции целью всех компаний является обеспечение стабильного экономического состояния и дальнейшего экономического роста, компании должны создавать основы конкурентоспособности там, где существует возможность получить будущие выгоды за счет правильного управления. В статье рассмотрено, что для эффективного и правильного управления необходимо своевременно оценивать вероятность банкротства организации, что позволит компаниям своевременно выявить и устранить недостатки в развитии организации, а также проконтролировать финансовую устойчивость компании и улучшить финансовое состояние
  • ItemOpen Access
    ТВОРЧЕСКИЙ ПУТЬ СОВЕТА МАСГУТОВА
    (СДУ хабаршысы - 2017, 2017) К. Ж. Турсын; А.Н. Байбеков
    Аннотация. В данной статье рассматривается творческий путь журналиста и литератора С.Масгутова как первого казахского диктора, телекомментатора и ведущего остросюжетных телепередач. Анализируются теле-публицистические элементы и стили проводимой им передачи «Мың да бір рахмет !», проблематика остросюжетного разговора во время эфира и современность поднимаемых телеведущим проблем. Представлены различные периоды становления и развития казахского телевидения, начиная с 60-х годов прошлого века. По мнению авторов, очень важно в полной мере и беспроигрышно использовать все художественные способы телевидения для передачи захватывающего сюжета передачи, драматургического переплетения, искусных режиссерских и операторских решений, музыкального сопровождения и поставленной, завораживающей, содержательной речи ведущего.
  • ItemOpen Access
    ТҮРІК ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ БІРІККЕН СӨЗДЕРДІҢ ЕМЛЕСІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
    (СДУ хабаршысы - 2017, 2017) А.Е. Махмуд
    Аңдатпа. Қазіргі таңда қазақ орфографиясында сөздердің бірге, бөлек жазылу мәселесі күн тәртібінен түспей келе жатқаны секілді, түркі тілдерінде де емле ережелерінің өзекті тақырыбы екендігі айдан анық. Мақаламызда да қазақ тілінің және түркі тілдерінің ішіндегі түрік тілінің емле ережелеріндегі сөздердің бірге не бөлек жазылу мәселесі сөз болады. Әуелі түрік тіліндегі біріккен сөздер емлесіне тоқталып, олардың қандай жағдайларда бірге жазылуы тиіс деген сауалға жауап іздеуге тырыстық. Қорытындылай келе, қазақ тіліндегі бірге жазылатын сөздер емлесімен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындауға тырыстық. Сондай-ақ, бөлек жазылатын сөздер емлесін де сөз етіп, олардың да ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне тоқталдық. Яғни тілдерге тән ерекшеліктерді айта отырып, бірге жазылатын сөздер емлесінің кейбір шешімін таба алмай келе жатқан мәселелеріне жауап іздеу мақсатын да алға қойдық.
  • ItemOpen Access
    «КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІН» ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ
    (СДУ хабаршысы - 2017, 2017) Р.Ж. Абнасырова
    Аңдатпа. Бүгінгі күн талабына сәйкес «Практикалық қазақ тілі», «Кәсіби қазақ тілі» пәндері тіл үйренушінің мамандығына, қажеттіліктеріне, сұраныстарына орай, қазақша кәсіби сөйлеуді дамытуға, оларға болашақ қызметіне қатысты қолданылатын терминдерді меңгертіп, кәсіби сөйлеуін қалыптастыруға бағытталған. Осыған сәйкес қазақ тілін мамандыққа қатысты оқытудың әртүрлі жолдары мен технологиялары тәжірибеге енгізілген. Оқытушы студенттерге пәнді меңгертуде жақсы нәтижеге жету үшін, сабақтың түріне қарай әртүрлі әдістерді орынды қолдануы қажет. Мақалада Сүлейман Демирель атындағы университеттің инженер факультетінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мен «Ақпараттық жүйелер» бөлімінің «Кәсіби қазақ тілі» сабағында қолданылған кейбір ойын түрлері мен әр түрлі тақырыптарға сай сабақта қолданылатын әдістерден қысқаша мәліметтер берілген
  • ItemOpen Access
    ОСОБЕННОСТИ ПРИМЕНЕНИЯ ДИФФЕРЕНЦИРОВАННОГО ПОДХОДА В ОБУЧЕНИИ АНГЛИЙСКОМУ ЯЗЫКУ В НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЕ
    (СДУ хабаршысы - 2017, 2017) Е.С. Аккисев
    Аннотация. В данной статье представлены результаты научного исследования по изучению эффективности применения дифференцированного подхода в обучении английскому языку в начальной школе на основе анализа имеющихся в методической литературе теорий и исследований о данном подходе, а также описание результатов проведенного исследования по его применению в обучении английскому языку в начальной школе на примере Международной школе «Galaxy». Методы изучения английского языка на сегодняшний день на фоне развития трёхъязычия является актуальной темой в Казахстане.
  • ItemOpen Access
    ВВЕДЕНИЕ ЭЛЕМЕНТОВ МАТЕМАТИЧЕСКОЙ ЛОГИКИ В ШКОЛАХ С УГЛУБЛЕННЫМ ИЗУЧЕНИЕМ МАТЕМАТИКИ
    (СДУ хабаршысы - 2017, 2017) Н.Қ. Құттығұл; Д.Б. Кабылкаев; Ш.Е. Оразбақ
    Аннотация. Необходимость внедрения в школьное обучение элементов современной математики сегодня не вызывает сомнений, поскольку большинство современных знаний базируются на математике. В данной статье мы рассматривает перспективы введения в школьное преподавание элементов алгебры логики. Понятно, что на первый план выдвигается математическая логика как ввиду той фундаментальной роли, которую логические высказывания играют в современной математике, так и ввиду относительной простоты этого понятия. Математическая логика, несмотря на простоту ее основных положений, обладает математической глубиной. Сфера ее применения огромна, поскольку компьютерные науки базируются на математической логике. Математическая логика развивает особый тип мышления, вот почему она как нельзя лучше подходит для того, чтобы показать школьникам образец современной математики.
  • ItemOpen Access
    ӨРКЕНИЕТТЕР ТОҒЫСУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫ /ҚАЗАҚ, ТҮРІК / ПОЭЗИЯСЫМЕН САБАҚТАСТЫҒЫ
    (СДУ хабаршысы - 2017, 2017) Ж.А. Тұрымбетова
    Аңдатпа. Мақалада туысқан түркі халықтарының, соның ішінде қазақ және түрік халықтарының ақындық-ашықтық поэзиясының қайнар көзінің байырғы түркі өркениеті мен ислам мәдениетінің тоғысуы аясында дамығандығы туралы мәселелер төңірегінде сөз қозғалған. Ашықтар мен ақын-жыраулар шығармашылығына ортақ атабабалық, жауынгерлік-қаһармандық сарындар, фольклорлық синкретизм, сопылық, діни-исламдық көзқарастар, дидактикалық поэзияның дараланған үлгілерінің (насихат, мысалдау өлеңдер), махаббат, көңіл-күй лирикасы секілді әдеби жанрларда шығыстың классикалық поэзиясына тән үлгілерді кеңінен көруге болатындығы көрсетілген. Юнус Эмре, Қараджаоғлан, Пір Сұлтан Абдал, Дертли секілді түрік ашықтарының көрнекті өкілдерінің шығармаларындағы дәстүр үндестігі және поэтикалық ықпалдастық тұрғысынан көрсетілген. Бұл мәселелер қазақ және түрік әдебиеттерінің өзара қарымқатынастарының негізгі жолдарын зерттеу, өзара баю заңдылықтарын анықтау, тарихи қарым-қатынас кезеңіндегі екі халықтың бір-бірімен тығыз рухани сабақтастық негіздерін айқындай түсу болып табылады.
  • ItemOpen Access
    МӘМЛҮК ҚЫПШАҚ ТІЛІНДЕГІ ШАҚ КАТЕГОРИЯСЫ ЖАСАУШЫ ҚОСЫМШАЛАР
    (СДУ хабаршысы - 2017, 2017) Қ.А. Садықбеков
    Аңдатпа. Шақ категориясы амал-әрекеттің орындалу мерзімінің сөйлеп тұрған уақытпен, яғни осы шақпен байланысын білдіретін етістіктің грамматикалық категориясы. Алайда барлық амал-әрекеттің орындалу мерзімін өткен шақ, осы шақ және келер шақ деп үш өлшеммен өлшеу қаншалықты шынайы? Мысалы үшін орта ғасыр ескерткіштерінде осы шақ пен келер шақтың көрсеткіштері бірдей. Сол секілді қазіргі түркі тілдерінің өзінде өткен шақтың, осы шақтың және келер шақтың бірнеше түрлері бар. Шынайы дүниедегі уақыт пен грамматикалық шақ категориясы бір-бірімен толық сәйкеспесе де, бір-бірімен байланысты ұғымдар. Сондықтан да орта ғасыр жазба ескерткіштері тілін зерделегенде шақ формаларының осыған дейін және осыдан кейін жүзеге асқан немесе асатын амал-әрекеттерді білдіретін формалар болып жіктелгендігін көреміз. Мақалада мәмлүк қыпшақ тіліндегі шақ категориясы жасайтын қосымшалардың функционалдық және тұлғалық еркешеліктері мен қолдану жиілігі, даму жолдары секілді мәселелер қарастырылады.
  • ItemOpen Access
    САЯСИ ДИСКУРСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ
    (СДУ хабаршысы - 2017, 2017) Жұмағұл А.Ә. ; Ордабекова Х.А.
    Аңдатпа. Бұл мақалада институционалды дискурстың бір тармағы болып табылатын саяси дискурстың құрылымы туралы баяндалды. Саяси дискурстың басқа дискурстың түрлері секілді өзіндік қатысушылары мен құрылымы, мазмұны, мақсаты жəне қоғамда атқаратын қызметі болатыны негізге алынды. Басқа дискурс түрлерінен айырмашылығы ретінде оның қоғамның бүкіл саласына, алуан түрлі əлеуметтік институттарды қамтитындығы түсіндірілген. Институционалды дискурстың бір тармағы ретінде мемлекеттің өз ішінде жəне халықаралық саяси аренада мүддесін қорғауда саяси дискурс басқа дискурс түрлерінен өте жоғары тұратынын атап өтілді. Дискурстың саясаттағы формасы, мазмұны жəне əлеуметтік-саяси контексті оның қатысушылары арқылы анықталатындығы мен мамандар тарапынан ұысынылып жүрген саяси шешімнің қабылдануына əсер ететін негізгі 3 деңгейдің қызметін сараланды. Саяси дискурстың атқаратын он төрт қызметіне жеке-жеке анықтама берілді.