МӘМЛҮК ҚЫПШАҚ ТІЛІНДЕГІ ШАҚ КАТЕГОРИЯСЫ ЖАСАУШЫ ҚОСЫМШАЛАР
Loading...
Date
2017
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
СДУ хабаршысы - 2017
Abstract
Аңдатпа. Шақ категориясы амал-әрекеттің орындалу мерзімінің
сөйлеп тұрған уақытпен, яғни осы шақпен байланысын білдіретін
етістіктің грамматикалық категориясы. Алайда барлық амал-әрекеттің
орындалу мерзімін өткен шақ, осы шақ және келер шақ деп үш өлшеммен
өлшеу қаншалықты шынайы? Мысалы үшін орта ғасыр ескерткіштерінде
осы шақ пен келер шақтың көрсеткіштері бірдей. Сол секілді қазіргі түркі
тілдерінің өзінде өткен шақтың, осы шақтың және келер шақтың бірнеше
түрлері бар. Шынайы дүниедегі уақыт пен грамматикалық шақ
категориясы бір-бірімен толық сәйкеспесе де, бір-бірімен байланысты
ұғымдар. Сондықтан да орта ғасыр жазба ескерткіштері тілін
зерделегенде шақ формаларының осыған дейін және осыдан кейін жүзеге
асқан немесе асатын амал-әрекеттерді білдіретін формалар болып
жіктелгендігін көреміз.
Мақалада мәмлүк қыпшақ тіліндегі шақ категориясы жасайтын
қосымшалардың функционалдық және тұлғалық еркешеліктері мен
қолдану жиілігі, даму жолдары секілді мәселелер қарастырылады.
Description
Keywords
мәмлүк қыпшақ тілі, шақ категориясы, грамматикалық форманттар., СДУ хабаршысы - 2017, №2
Citation
Қ.А. Садықбеков / МӘМЛҮК ҚЫПШАҚ ТІЛІНДЕГІ ШАҚ КАТЕГОРИЯСЫ ЖАСАУШЫ ҚОСЫМШАЛАР / СДУ хабаршысы - 2017