ӨРКЕНИЕТТЕР ТОҒЫСУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫ /ҚАЗАҚ, ТҮРІК / ПОЭЗИЯСЫМЕН САБАҚТАСТЫҒЫ

Loading...
Thumbnail Image

Date

2017

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

СДУ хабаршысы - 2017

Abstract

Аңдатпа. Мақалада туысқан түркі халықтарының, соның ішінде қазақ және түрік халықтарының ақындық-ашықтық поэзиясының қайнар көзінің байырғы түркі өркениеті мен ислам мәдениетінің тоғысуы аясында дамығандығы туралы мәселелер төңірегінде сөз қозғалған. Ашықтар мен ақын-жыраулар шығармашылығына ортақ атабабалық, жауынгерлік-қаһармандық сарындар, фольклорлық синкретизм, сопылық, діни-исламдық көзқарастар, дидактикалық поэзияның дараланған үлгілерінің (насихат, мысалдау өлеңдер), махаббат, көңіл-күй лирикасы секілді әдеби жанрларда шығыстың классикалық поэзиясына тән үлгілерді кеңінен көруге болатындығы көрсетілген. Юнус Эмре, Қараджаоғлан, Пір Сұлтан Абдал, Дертли секілді түрік ашықтарының көрнекті өкілдерінің шығармаларындағы дәстүр үндестігі және поэтикалық ықпалдастық тұрғысынан көрсетілген. Бұл мәселелер қазақ және түрік әдебиеттерінің өзара қарымқатынастарының негізгі жолдарын зерттеу, өзара баю заңдылықтарын анықтау, тарихи қарым-қатынас кезеңіндегі екі халықтың бір-бірімен тығыз рухани сабақтастық негіздерін айқындай түсу болып табылады.

Description

Keywords

түркі өркениеті, ислам мәдениеті, Юнус Эмре, Қараджаоғлан., СДУ хабаршысы - 2017, №2

Citation

Ж.А. Тұрымбетова / ӨРКЕНИЕТТЕР ТОҒЫСУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫ /ҚАЗАҚ, ТҮРІК / ПОЭЗИЯСЫМЕН САБАҚТАСТЫҒЫ / СДУ хабаршысы - 2017