ОҚУ ҮРДІСІНІҢ КӨПМАҚСАТТЫ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ОМІЛМЕ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ

Loading...
Thumbnail Image

Date

2013

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Faculty of Engineering and Natural Science

Abstract

Мектеп оқушыларының білім алуы мемлекетіміздің болашағы, әрбір отбасының болашаққа деген үміті. Осы орайда қазіргі нарықтық заманда барлық дерлік ата-аналардың өз бүлдіршіндерін толықтай бақылауға алуға мүмкіндіктері жоқтың қасы. Барлығы дерлік жұмыста. Мектеп әкімшілігі, ұстаздары мен ата-аналар арасындағы байланыс әрдайым жоғары дәрежеде болуы керек. Кейде баланың білім алуы күрт төмендеп кетеді. Осы мәліметтерді ата-аналарға әрдайым қолжетімді қылудың бірден-бір жолы интернет желісін пайдалану арқылы болып отыр. Қараусыз қалған баланың сабақтардан алыстап, дұрыс жолды емес бұрыс жолды таңдауы әбден мүмкін. Мектеп, ұста және ата-ана қадағалауындаболатын оқушыға дер кезінде көмек көрсетуге болады. Тәрбие мен білім әрдайым бірге жүретін ұғым. Бұл диссертациялық жұмыстың мақсаты интернет желісінде мектеп оқушыларының үлгерімі, емтихан нәтижелері, олимпиадаға дайындықтары, 11- сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындықтарының нәтижелелерінің берілгендер қорын құрып әрдайым оқушы мея оның ата-анасына қолжетімді ету. НТМІ, РНР және МҮ 50ОІГ, сияқты веб программалауға арналған тілдердің көмегімен осы қойылған мақсатты шешу бағытында веб сайт дайындалған. Онда жоғарыда аталған мәліметтермен қатар оқушы өтілген тақырып бойынша өзінің қаншалықты түсінгенін бақылау мақсатында онлайн режимінде тест емтиханын тапсырып нәтижесін көре алады. Қазіргі таңда электронды үйрену өте қарқынды дамып келе жатыр. Себебі бүкіл балалар техникаға, оның ішінде компьютер мен интернет желісіне өте қатты қызығады. Осы қызығушылықты пайдаланып оқушыларға білім беру қазіргі таңдағы ұстаздардың басты міндеттерінің бірі. Оқушылар интернетті тек хат, хабар алысу үшін ғана емес, оны өз білім дәрежесін бақылайтын орта, өз-өзін сынайтын ортаға айналдыру көзделген. Оқушы ата-анам мектепке келмейді бағаларымды білмейді дегеннен құтылады. Себебі көптеген жұмыс орындарында, үйде интернет барлық жанұяларға дерлік қолжетімді.

Description

Keywords

НТМL, интернет, Олимпиада, ҰБТ

Citation

Омаров Б.Ш / ОҚУ ҮРДІСІНІҢ КӨПМАҚСАТТЫ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ОМІЛМЕ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ / 2013 / 6М070400- «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»

Collections