КРЕДИТТІК ТЕХНОЛОГИЯ НЕГІЗІНДЕ ЖОҒАРЫ МАТЕМАТИКА КУРСЫ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

dc.contributor.authorДильмагамбетов А.
dc.date.accessioned2025-07-30T04:49:11Z
dc.date.available2025-07-30T04:49:11Z
dc.date.issued2013
dc.description.abstractӘр мемлекеттің интеллектуалды, экономикалық және мәдени потенциалы сол елдің білім беру жүйесінің заман талабына сәйкес дамытылуына байланысты. | Заман талабына сай білім беру - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үдерісі. Нәтижеге бағытталған білім беру жүйесінде білімалушы тек білім қорын жинақтап қана қоймай, сонымен қатар қажетті және жеткілікті дәрежеде жаңа іске бейім, өз бетімен шешім қабылдай алатын, жаңа эстетикалық, мәдени, тарихи құндылықтарды бағалай алатындай, алған білімдерін өз бетімен әрі қарай тереңдетіп, әртүрлі жаңа жағдайларда кеңінен қолдана алатындай жоғары деңгейдегі ойлау қабілеті дамыған тұлға болып қалыптасуы тиіс. Зерттеудің мәселесі: Білім берудің әрбір сатысында - білімді бағалаудың теориялық және әдістемелік негізін жасаудың маңызы артуына байланысты, білім сапасының обьективтік рейтингін анықтайтын ғылыми дәлелденген әдістеме жасау. Зерттеу обьектісі: Жоғары оқу орындарында студенттерге математиканы оқыту үдерісі. Зерттеу пәні: Кредиттік оқыту жүйесінде жоғары математика курсы бойынша студенттердің білімін бақылау мен бағалау әдістемесі. Зерттеудің мақсаты: Жоғары оқу орындарында студенттерді математикаға оқытуды жетілдіруге, оның тиімділігін арттыруға әсер ететін кредиттік оқыту технологиясы негізінде білімді тексеру мен бағалаудың теориялық және практикалық негіздемелерін дайындау және оны эксперименттік тәжірибе арқылы тексеру. Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер жоғары оқу орындарында кредиттік оқыту жүйесі жағдайында студенттерді математиканы игертуге технологиялық тұрғыдан келудің ерекшеліктеріне және оқыту үдерісінің технологиялық сипатының критерийлеріне, ал студенттердің білімін тексеру мен бағалау баллдық-рейтигтік жүйенің ерекшеліктеріне сүйене отырып жүзеге асырылса, онда студенттердің танымдық іс-әрекеттерінің белсенділігі мен дербестігі артады, студенттер білімін тексеру мен бағалаудың обьективті деңгейі көтеріледі, студенттердің оқу материалын меңгерудегі оқу-танымдық ісәрекеттерін циклді және бағытты басқаруға мүмкіндік жасалады және студенттер білімдерінің сапасы артады. Зерттеудің мақсаты, пәні және зертеудің ғылыми болжамы зерттеудің келесідей міндеттерін айқындайды: - жоғары білім беру жүйесіне жаңа технологияларды, соның ішінде кредиттік технологияны енгізу арқылы білім сапасын көтеру мәселелеріне және оны енгізуді негіздейтін нормативтік құжаттар мен оның талаптарының практикада жүзеге асырылу жағдайларына талдау жасау; -зерттеу мәселесіне байланысты жоғары оқу орындарында математиканы оқытуды, студенттер білімін тексеру мен бағалауды жетілдіру жолдарына 3 арналған зерттеу жұмыстарына сараптау және талдау жүргізу; - кредиттік оқыту жүйесінде жоғары математика курсынан студенттердің білімін бағалаудың әдістемелік ерекшеліктерін дәстүрлі бағалау әдісімен салыстыра отырып айқындау; - кредиттік оқыту жүйесінде жоғары математика курсынан студенттердің білімін тексеру мен бағалау әдістемесін (баллдық-рейтінгтік жүйесін) құру; - мемлекеттік стандартқа сәйкес математикадан тақырыптар мен негізгі анықтамаларды сипаттай отырып, дидактикалық бірліктерді анықтау негізінде бақылаулық-тестілік материалдар дайындау; - кредиттік оқыту жүйесінде жоғары математика курсынан студенттердің білімін бағалау әдістемесінің тиімділігін эксперимент арқылы анықтау. Зерттеудің жетекші идеясы: Жоғары білім беру сапасын әлемдік білім беру талаптарына сәйкестендіру үшін білім беру жүйесіне жаңа технологияны енгізу жағдайында студенттердің математикадан білімдерін бағалаудың әдістемелік жүйесін жаңарту. .
dc.identifier.citationДильмагамбетов А / КРЕДИТТІК ТЕХНОЛОГИЯ НЕГІЗІНДЕ ЖОҒАРЫ МАТЕМАТИКА КУРСЫ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ / 6М060100 - Математика / 2013
dc.identifier.urihttps://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/1832
dc.language.isoother
dc.publisherfaculty of engineering and natural sciences
dc.subjectматематика
dc.subjectтеориялық-әдістемелік негіздер
dc.subjectбілім беру технологиясы
dc.titleКРЕДИТТІК ТЕХНОЛОГИЯ НЕГІЗІНДЕ ЖОҒАРЫ МАТЕМАТИКА КУРСЫ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
dc.typeThesis

Files

Original bundle
Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
Кадрушев Мади.pdf
Size:
5.83 MB
Format:
Adobe Portable Document Format
License bundle
Now showing 1 - 1 of 1
No Thumbnail Available
Name:
license.txt
Size:
12.6 KB
Format:
Item-specific license agreed to upon submission
Description:

Collections