Болашақ мамандарды даярлау үдерісіндегі оқыту әдістерінің әлеуметтік-гуманитарлық негіздері

Loading...
Thumbnail Image

Date

2009

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Suleyman Demirel University

Abstract

Қазіргі кәсіптік білім беру саласында болашақ мамандардың әлеуметтік-гуманитарлық бағытта тәрбиеленуі маңызды мәселе болып табылады. Білім беру үдерісінде тек кәсіби дағдылар мен білікке назар аударып қана қоймай, студенттердің адамгершілік қасиеттерін, гуманистік бағыттылығын дамыту қажет. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, өмірлік құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді. Мақалада оқыту әдістерінің әлеуметтік-гуманитарлық негіздері, олардың тұлға дамуына әсері және студенттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін қалыптастырудағы рөлі қарастырылған. Сонымен қатар, оқыту үрдісінде қолданылатын жеке тұлғаға бағытталған әдістердің тиімділігі, студенттердің өз бетінше ойлау, талдау, қорытынды жасау дағдыларын дамытудағы маңызы талданған.

Description

Keywords

болашақ мамандар, оқыту әдістері, әлеуметтік-гуманитарлық білім, тұлға дамуы, сыни тұрғыдан ойлау, педагогикалық тәсілдер, білім беру үрдісі.

Citation

Берікханова Айман/Болашақ мамандарды даярлау үдерісіндегі оқыту әдістерінің әлеуметтік-гуманитарлық негіздері / Suleyman Demirel University / Сду хабаршысы, 2009