НАЗАР ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ ЖӘНЕ ГИПЕРАКТИВТІЛІКТІҢ БҰЗЫЛУЫ БАР МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР (қазақ тілі пәні бойынша)
Loading...
Date
2021
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
2021 International Young Scholars' Conference
Abstract
Аңдатпа Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылық, әрбір баласы – еліміздің ертеңі екенін ескерсек, әрбір ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылар сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау міндетіміз. Өткен ғасырдың соңғы ширегінде практикалық медицинада жаңа проблема «зейін мен назар жетіспеушілігі» синдромы пайда болды. Синдромның табиғаты туралы кеңінен ақпарат алу үшін биология, генетика, психология, неврология және психиатрия саласында көптеген зерттеулер жүргізілді. Назар жетіспеушілігінің бұзылуы және гиперактивтілік (СДВГ) - бұл мектепке дейінгі немесе ерте мектеп жасында жиі кездесетін психофизиологиялық бұзылыс. Ерекше балалар үшін мінезқұлқын бақылау және назар аудару қиын екені белгілі. ЗЖГС-ның негізгі көріністері – гиперактивтілік, назардың жетіспеушілігі және импульсивтілік. Еліміздегі мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі – білім беру жүйесінің дамуы. Сапалы білімнің барлығы үшін қолжетімді болу шартын қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін түрлендіру процестерінің бірі инклюзивті білім беру болып табылады. Бұл мақала инклюзивті білім беруді анықтау тәсілдерін қысқаша қарастырудан және демократиялық қоғамдағы азаматтық құқық аясында ерекше балаларға қазақ тілін үйреудегі әдістәсілдермен бөлісу мақсатында жазылды.
Description
Keywords
инклюзивті білім беру, білім беру жүйесі, зейін жетіспеушілігі және гипербелсенділік синдромы, мұғалімдердің білімі, 2021 International Young Scholars' Conference, №10
Citation
Қанен А / НАЗАР ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ ЖӘНЕ ГИПЕРАКТИВТІЛІКТІҢ БҰЗЫЛУЫ БАР МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР (қазақ тілі пәні бойынша) / 2021 International Young Scholars' Conference