«ТІЛДІК ТҰЛҒА» ДЕҢГЕЙЛЕРІНІҢ КӨРКЕМ МӘТІНДЕРДЕГІ КӨРІНІСІ

dc.contributor.authorХ.А. Ордабекова
dc.contributor.authorГ.Ж. Байғабылова
dc.date.accessioned2023-12-04T11:07:48Z
dc.date.available2023-12-04T11:07:48Z
dc.date.issued2020
dc.description.abstractАңдатпа. Мәтіннің өзге бірліктерден жоғары тұрған сөйлеу бірлігі ретіндегі мәртебесі ХХ ғасырдың орта шенінде ғылыми тұрғыдан мойындала бастады. Бүгінде мәтін лингвистикасы ғылыми ой-сана өркениетінің бір белесінен хабар береді. Мәтін талдау лингвистикасы антропоцентрлік жүйеге тән бағыттарды қамти алады. Сондықтан кез келген тілді үйренуде көркем мәтін лингвистикасының ықпалы зор. Біздің мақаламызда «тілдік тұлға» мәселесі М. Жұмабаев шығармаларын талдау негізінде қарастырылды. Ю.Н. Карауловтың тілдік тұлға теориясының үшдеңгейлік үлгісі бойынша аталған ақындардың шығармаларын вербалды-семантикалық, лингвокогнитивтік және прагматикалық деңгейлерге бөліп қарастыру мәселесіне ден қойылды. Сондай-ақ, көркем шығармадағы «ғаламның тілдік бейнесінің» концептілік құрылымын нақты мысалдармен анықтауға баса назар аударылды. Тұлға деген тура мағынасында «дене», «адам денесі», «қорғаныш», «тірек», «бейне» деген мағыналарда қолданылады. Шығарманы жазған адам, қалай болғанмен де, негізінен мәтін арқылы танылады. Тұлғаны (мәтін түзушіні) тілден (мәтін тілінен) іздеу қазіргі антропоцентризм бағытына деген замана бетбұрысымен қиысады. Ал мәтін тілі сол заманның тарихи-мәдени жағдайларымен тығыз байланыста алынуы шарт. Осы орайда авторлардың тілдік тұлғасын сипаттайтын ерекше контекске назар аударылды, тұлғаның шындық болмысты танып білу айнасы ретіндегі «дүниенің тілдік бейнесі» көркем мәтіннің мазмұнына сәйкес танымдық құрылымдар негізінде концептілік жүйеде түсіндірілді, екі ақынды тілдік тұлға ретінде дамытатын прагматикалық бірліктер, мақсаттар анықталды.
dc.identifier.citationХ.А. Ордабекова , Г.Ж. Байғабылова / «ТІЛДІК ТҰЛҒА» ДЕҢГЕЙЛЕРІНІҢ КӨРКЕМ МӘТІНДЕРДЕГІ КӨРІНІСІ / СДУ хабаршысы - 2020
dc.identifier.issn2709-2623
dc.identifier.urihttps://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/892
dc.language.isoother
dc.publisherСДУ хабаршысы - 2020
dc.subjectұстаным
dc.subjectмәтін
dc.subjectкөркем мәтін
dc.subjectтілдік тұлға
dc.subjectтіл бірлігі
dc.subjectСДУ хабаршысы - 2020
dc.subject№1
dc.title«ТІЛДІК ТҰЛҒА» ДЕҢГЕЙЛЕРІНІҢ КӨРКЕМ МӘТІНДЕРДЕГІ КӨРІНІСІ
dc.typeArticle

Files

Original bundle
Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
2020.1 филология-38-46.pdf
Size:
728.9 KB
Format:
Adobe Portable Document Format
License bundle
Now showing 1 - 1 of 1
No Thumbnail Available
Name:
license.txt
Size:
13.85 KB
Format:
Item-specific license agreed to upon submission
Description: