«ТІЛДІК ТҰЛҒА» ДЕҢГЕЙЛЕРІНІҢ КӨРКЕМ МӘТІНДЕРДЕГІ КӨРІНІСІ

No Thumbnail Available

Date

2020

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

СДУ хабаршысы - 2020

Abstract

Аңдатпа. Мәтіннің өзге бірліктерден жоғары тұрған сөйлеу бірлігі ретіндегі мәртебесі ХХ ғасырдың орта шенінде ғылыми тұрғыдан мойындала бастады. Бүгінде мәтін лингвистикасы ғылыми ой-сана өркениетінің бір белесінен хабар береді. Мәтін талдау лингвистикасы антропоцентрлік жүйеге тән бағыттарды қамти алады. Сондықтан кез келген тілді үйренуде көркем мәтін лингвистикасының ықпалы зор. Біздің мақаламызда «тілдік тұлға» мәселесі М. Жұмабаев шығармаларын талдау негізінде қарастырылды. Ю.Н. Карауловтың тілдік тұлға теориясының үшдеңгейлік үлгісі бойынша аталған ақындардың шығармаларын вербалды-семантикалық, лингвокогнитивтік және прагматикалық деңгейлерге бөліп қарастыру мәселесіне ден қойылды. Сондай-ақ, көркем шығармадағы «ғаламның тілдік бейнесінің» концептілік құрылымын нақты мысалдармен анықтауға баса назар аударылды. Тұлға деген тура мағынасында «дене», «адам денесі», «қорғаныш», «тірек», «бейне» деген мағыналарда қолданылады. Шығарманы жазған адам, қалай болғанмен де, негізінен мәтін арқылы танылады. Тұлғаны (мәтін түзушіні) тілден (мәтін тілінен) іздеу қазіргі антропоцентризм бағытына деген замана бетбұрысымен қиысады. Ал мәтін тілі сол заманның тарихи-мәдени жағдайларымен тығыз байланыста алынуы шарт. Осы орайда авторлардың тілдік тұлғасын сипаттайтын ерекше контекске назар аударылды, тұлғаның шындық болмысты танып білу айнасы ретіндегі «дүниенің тілдік бейнесі» көркем мәтіннің мазмұнына сәйкес танымдық құрылымдар негізінде концептілік жүйеде түсіндірілді, екі ақынды тілдік тұлға ретінде дамытатын прагматикалық бірліктер, мақсаттар анықталды.

Description

Keywords

ұстаным, мәтін, көркем мәтін, тілдік тұлға, тіл бірлігі, СДУ хабаршысы - 2020, №1

Citation

Х.А. Ордабекова , Г.Ж. Байғабылова / «ТІЛДІК ТҰЛҒА» ДЕҢГЕЙЛЕРІНІҢ КӨРКЕМ МӘТІНДЕРДЕГІ КӨРІНІСІ / СДУ хабаршысы - 2020