Персоналды дамытуды басқару

Abstract

Бұл диссертацияда қызмет көрсету саласындағы персоналды дамыту мәселелері жан-жақты қарастырылған. Зерттеу нысаны ретінде Алматы қаласындағы "Жас Орда" хостелінің тәжірибесі таңдалып, персоналды оқыту, мотивация және клиенттермен жұмыс жүйесінің тиімділігі талданды. Зерттеудің мақсаты — бизнес-орталықтар мен қонақ үйлерде персо налды дамытуды тиімді ұйымдастыру арқылы қызмет көрсету сапасын арттыру. Негізгі міндеттері клиенттермен жұмыстың сапасын жақсарту, менеджерлерді даярлау жүйесін жетілдіру мен персоналды дамытудың тиімді әдістерін анықтау. Теориялық негіз ретінде Портер, Котлер, Берри және Грёнрус модельдері қолданылды. HR-менеджмент және мотивация теориялары — Маслоу, Герцберг, МакГрегор және Беккер еңбектері — персоналды дамытудың ғылыми негізін құрайды. Практикалық бөлімде "Жас Орда" хостелінің персоналды басқару тәжірибесі зерттеліп, қызметкерлердің кәсіби дамуы мен клиенттердің қанағаттану деңгейі арасындағы байланыс сауалнамалар мен сұхбат нәтижелері негізінде анықталды

Description

Keywords

персоналды дамыту, hr-менеджмент, мотивация жүйесі, клиенттермен жұмыс, қызмет көрсету сапасы

Citation

Ашимов Эдуарт, Абдралиев Адилбек, Монтаев Бақберген, Бишал Кеңес, Абдыкайров Адилет / Персоналды дамытуды басқару / 7М04114 - ЕМВА "Менеджмент " / 2025

Collections