ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛІНДЕГІ «ҚОНАҚ» КОНЦЕПТІСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Loading...
Thumbnail Image

Date

2018

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Қазақстан ғылымының дамуы мен келешегі жастар көзімен - 2018

Abstract

Соңғы жылдары жаһандану əсерінен де дүние жүзі халықтарының арасындағы қарым қатынас, ұлт өкілдері арасындағы байланыстар да арта түсуде. Әр ұлттың түп негізі болып табылатын, мəдениетпен тығыз байланысты концептілер үлкен маңызға ие болуда. Бір ұлттың тілін үйрену үшін мəдениетін, салт-дəстүрін жетік білгеніміз абзал. Тіл, діл, дін, салт-дəстүр, мəдениет, əдебиет деп əрі жалғыстыра беруге болатын ұзын тізбек барын да білеміз.Осыған орай соңғы кездері қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы болып табылатын концептті нақты дəйектер негізінде ашуға бағытталған еңбектердің көбейіп келе жатқаны байқалады. Зерттеулерінде ғалымдар тағдыр, өмір, өлім, мұң, бақыт, батырлық, түр-түс, сұлулық, т.б. концептілердің мазмұнын көрсетіп, оларды жан-жақты қарастырған. Бүгінгі жұмысымызда концепттің құрылымын, яғни, концепттің негізгі қабаттары мен оның құрылымдық типтеріне жалпылама мəлімет бере отырып, қазақ жəне түрік тіліндегі «қонақ» концептісінің құрылымдық типтерін салыстырдық. Әрине, түбі бір түркі халықтарынан болғандықтан ұқсастықтар баршылық. Алайда, əр ұлттың өзіне, мəдениетіне, түсінігіне жəне т.б. байланысты өзіне тəн ерекшеліктері де жоқ емес.

Description

Keywords

Концепт, когнитивтік лингвистика, қазақ тіліндегі "қонақ" концептісі, түрік тіліндегі "қонақ" концептісі, Қазақстан ғылымының дамуы мен келешегі жастар көзімен - 2018, №7

Citation

Кемелбекова А / ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛІНДЕГІ «ҚОНАҚ» КОНЦЕПТІСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ / Қазақстан ғылымының дамуы мен келешегі жастар көзімен - 2018