ҚАЗАҚ ТІЛІН БАСҚА ПӘНДЕРМЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАЙ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ

dc.contributor.authorҚалқамжай Ж.Т
dc.date.accessioned2024-09-10T04:53:27Z
dc.date.available2024-09-10T04:53:27Z
dc.date.issued2022
dc.description.abstractДиссертация жұмысының тақырыбы:Қазақ тілін басқа пәндермен интеграциялай оқытудың әдістері. Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспе, екі тарау (тараушалар), қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 67 бет, 1 кесте бар, зерттеу барысында 52 әдебиет қаралды. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде интеграция туралы түсінік және оның теориялық негіздерін ашу мақсатында оның ерекшеліктері, білім саласындағы интеграциялық оқытудың маңызы мен тілтанымдағы интеграциялық бағыттың артықшылықтары анықталды. Интеграциялай оқытудың еліміздің білім беру жүйесіне ендірілу тарихы мен ерекшеліктеріне шолу жасалды. Қазақ тілін интеграциялай оқытудың тиімділігі арқылы қалыптасатын құзыреттіліктер сараланды. Осы орайда интеграциялай оқытуға қатысты жазылған еңбектер негізінде тұжырымдар жасалды. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде қазақ тілін басқа пәндермен интеграциялай оқытудың әдістері қарастырылды. Қазіргі білім беру үдерісінде өзекті болып табылатын интеграциялай оқыту мәселесін жанжақты талдап, дамыту мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы сабақтарда жаттығу жұмыстары, оқушылардың өздігімен және мұғаліммен атқарылатын түрлі тапсырмалардың үлгілері көрсетілді. Тапсырмаларды құрастыруда оқушылардың пәнаралық байланыстарды танып, қазақ тілі мен басқа пән материалын бір-бірімен кіріктіре алуы басшылыққа алынды. Сонымен қатар, оқушылардың әр тілдік бірліктің уәжін жете түсінуіне басымдылық берілді. Зерттеу жұмысында қарастырылған әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып түрлі бақылау жұмыстары бойынша эксперимент жүргізілді. Эксперимент нәтижесі бойынша қазақ тілімен интеграциялай оқытуға болатын пәндер каталогі анықталды. Диссертация жұмысының қорытынды бөлімінде қазақ тілін басқа пәндермен интеграциялай оқытуда тек бір жақты қарамай, оларға әр тілдік бірліктің астарында ғылыми негіз бар екенін жете түсіндіріп, түрлі тапсырмалар мен шығармашылық жұмыстар арқылы оқытудың тиімділігі көрсетілді. Сараланған әдістер мен критерийлерге негізделіп құрылған тапсырмалардың оқушылардың білімін толықтыра түсетіні, қазақ тілін оқытуда қолданудың маңызы айқындалды.
dc.identifier.citationҚалқамжай Ж.Т/ҚАЗАҚ ТІЛІН БАСҚА ПӘНДЕРМЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАЙ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ /Қазақ тілі және әдебиеті, Қаскелең-2022
dc.identifier.urihttps://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/1484
dc.language.isoother
dc.subjectпедагогикадағы интеграция
dc.subjectқұндылық
dc.subjectмақал-мәтел
dc.titleҚАЗАҚ ТІЛІН БАСҚА ПӘНДЕРМЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАЙ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
dc.typeOther

Files

Original bundle
Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
Қалқамжай Қанат Тілекқызы.pdf
Size:
27.85 MB
Format:
Adobe Portable Document Format
License bundle
Now showing 1 - 1 of 1
No Thumbnail Available
Name:
license.txt
Size:
12.6 KB
Format:
Item-specific license agreed to upon submission
Description:

Collections