ОҚУ ҮРДІСІНІҢ КӨПМАҚСАТТЫ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ONLINE ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ

dc.contributor.authorОмаров Б.
dc.date.accessioned2025-01-28T10:54:54Z
dc.date.available2025-01-28T10:54:54Z
dc.date.issued2013
dc.description.abstractМектеп оқушыларының білім алуы мемлекетіміздің болашағы, әрбір отбасының болашаққа деген үміті. Осы орайда қазіргі нарықтық заманда барлық дерлік ата-аналардың өз бүлдіршіндерін толықтай бақылауға алуға мүмкіндіктері жоқтың қасы. Барлығы дерлік жұмыста. Мектеп әкімшілігі, ұстаздары мен ата-аналар арасындағы байланыс әрдайым жоғары дәрежеде болуы керек. Кейде баланың білім алуы күрт төмендеп кетеді. Осы мәліметтерді ата-аналарға әрдайым қолжетімді қылудың бірден-бір жолы интернет желісін пайдалану арқылы болып отыр. Қараусыз қалған баланың сабақтардан алыстап, дұрыс жолды емес бұрыс жолды таңдауы әбден мүмкін. Мектеп, ұста және ата-ана қадағалауында болатын оқушыға дер кезінде көмек көрсетуге болады. Тәрбие мен білім әрдайым бірге жүретін ұғым. Бұл диссертациялық жұмыстың мақсаты интернет желісінде мектеп оқушыларының үлгерімі, емтихан нәтижелері, олимпиадаға дайындықтары, 11- сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындықтарының нәтижелелерінің берілгендер қорын құрып әрдайым оқушы мен оның ата-анасына қолжетімді ету. НТМІ, РНР және МҮ 650!І, сияқты веб программалауға арналған тілдердің көмегімен осы қойылған мақсатты шешу бағытында веб сайт дайындалған. Онда жоғарыда аталған мәліметтермен қатар оқушы өтілген тақырып бойынша өзінің қаншалықты түсінгенін бақылау мақсатында онлайн режимінде тест емтиханын тапсырып нәтижесін көре алады. Қазіргі таңда электронды үйрену өте қарқынды дамып келе жатыр. Себебі бүкіл балалар техникаға, оның ішінде компьютер мен интернет желісіне өте қатты қызығады. Осы қызығушылықты пайдаланып оқушыларға білім беру қазіргі таңдағы ұстаздардың басты міндеттерінің бірі. Оқушылар интернетті тек хат, хабар алысу үшін ғана емес, оны өз білім дәрежесін бақылайтын орта, өз-өзін сынайтын ортаға айналдыру көзделген. Оқушы ата-анам мектепке келмейді бағаларымды білмейді дегеннен құтылады. Себебі көптеген жұмыс орындарында, үйде интернет барлық жанұяларға дерлік қолжетімді.
dc.identifier.urihttps://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/1657
dc.language.isoother
dc.subjectоқушылар, білім алу, мемлекет, интернет желісі, ата-ана, мектеп
dc.titleОҚУ ҮРДІСІНІҢ КӨПМАҚСАТТЫ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ONLINE ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ
dc.typeOther

Files

Original bundle
Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
Омаров Бақтияр Шайманұлы.pdf
Size:
8.85 MB
Format:
Adobe Portable Document Format
License bundle
Now showing 1 - 1 of 1
No Thumbnail Available
Name:
license.txt
Size:
12.6 KB
Format:
Item-specific license agreed to upon submission
Description:

Collections