МӘТІНДІ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

dc.contributor.authorВалибаева Н.A.
dc.date.accessioned2024-09-06T05:53:55Z
dc.date.available2024-09-06T05:53:55Z
dc.date.issued2022
dc.description.abstractДиссертация жұмысының тақырыбы: Мәтінді прагматикалық талдау және оны оқытудың әдіс-тәсілдері Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 86 бет, 14 кесте бар, зерттеу барысында 63 әдебиет қаралды. Кілт сөздер: мәтін, мәтін талдау, прагматика, функционалды сауаттылық, тілдік құралдар. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде мәтіндерге берілген анықтамаларға талдау жасалып, мәтінді зерттеудің аспектілері анықталды. Мәтінді зерттеудің прагматикалық аспектісіне мақсатты түрде арнайы орын беріліп, прагматиканың негізгі категориялары анықталды. Мәтін прагматикасының тілдік құралдары мен бейвербальды амалдары көрсетіліп. Осы орайда мәтін прагматикасына қатысты жазылған зерттеулерге, еңбектерге, газеттер мен ғылыми конференцияларда, арнайы сайттарда жарияланған мақалалардан ақпараттар алынды. Диссертация | жұмысының екінші бөлімінде қазақ тілі оқулықтарындағы мәтіндер жинақталып, ол мәтіндерге құрастырылған тапсырмаларға талдау жүргізілді. Зерттеу нысаны етіп алынған 9-сыныпқа арналған «Мектеп», «Атамұра» және «Арман-ПВ» баспаларының 2019 жылы жарық көрген қазақ Тілі оқулықтарында берілген мәтіндер, тапсырмалар бірбірімен салыстырылып, қарастырылды. Мәтіндерге құрастырылған тапсырмалардың негізінде олардың мәтінді құрылымдық, мазмұндық және прагматикалық жағынан қандай аспектіден анықтайтындығы сараланды. Мәтінді прагматикалық тұрғыдан зерттеудің оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда және анықтауда маңыздылығына баса назар аударып, мәтінді прагматикалық талдауға қатысты тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылды. Зерттеу жұмысында қарастырылған әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып эксперимент жүргізілді. Эксперимент нәтижесі бойынша тиімді тест түрлері, тапсырмалар мен жаттығулар анықталды. Диссертация жұмысының қорытынды бөлімінде мектеп оқулығында мәтіндерді прагматикалық талдауға қатысты тапсырмалардың аздығы анықталып, мәтінді тиімді талдауға қолданылатын тиімді тапсырмалар кешені көрсетілді. Ұсынылған әдістерге негізделіп құрылған тапсырмалардың оқушылардың мәтіннің мәнін түсінудегі және функционалдық сауаттылықты арттырудағы маңызы айқындалды.
dc.identifier.citationВалибаева Н.A./МӘТІНДІ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ /Қазақ тілі және әдебиеті, Қаскелең-2022
dc.identifier.urihttps://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/1478
dc.language.isoen
dc.subjectфункционалды сауаттылық
dc.subjectадресант пен адресат
dc.subjectтілдік құралдар
dc.titleМӘТІНДІ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
dc.typeOther

Files

Original bundle
Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
Валибаева Нигара Ахметқызы.pdf
Size:
12.98 MB
Format:
Adobe Portable Document Format
License bundle
Now showing 1 - 1 of 1
No Thumbnail Available
Name:
license.txt
Size:
12.6 KB
Format:
Item-specific license agreed to upon submission
Description:

Collections