Бердібек Соқпақбаев шығармалары арқылы оқушылардың танымдық құзыреттілігін дамыту әдістемесі

No Thumbnail Available

Date

2026

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

SDU University

Abstract

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Бердібек Соқпақбаев шығармалары арқылы оқушылардың танымдық құзыреттілігін дамыту әдістемесі» Жұмыстың құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі тараудан, тарау бойынша қорытындылардан, жалпы қорытынды мен ұсыныстардан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Зерттеу жұмысының көлемі: 88 бет; пайдаланылған 61 атаулы әдебиет тізімі, 6 кестеден тұрады. Кілт сөздер: танымдық құзыреттілік, Бердібек Соқпақбаев, балалар әдебиеті, әдістемелік жүйе, белсенді оқыту, Блум таксономиясы, тәжірибелікэксперименттік жұмыс, проблемалық оқыту, рефлексия, 5-сынып. Зерттеу жұмысының бірінші бөлімінде («Бердібек Соқпақбаев шығармаларын оқыту арқылы оқушылардың танымдық құзыреттілігін дамытудың негіздері») танымдық құзыреттілік ұғымының мазмұны мен білім берудегі маңызы ашылған; Н.Ф. Талызина, П.И. Пидкасистый, Т.И. Шамова, Л.С. Выготский, Дж. Брунер сынды шетелдік және отандық ғалымдардың теориялық тұжырымдамалары жүйеленген; Бердібек Соқпақбаевтың қазақ балалар әдебиетіндегі орны, шығармаларының зерттелуі, кейіпкер болмысы мен мінез ерекшеліктері сараланған; жазушы туындыларының оқушылардың танымдық дамуына ықпалы ғылыми тұрғыдан негізделген. Зерттеу жұмысының екінші бөлімінде («Бердібек Соқпақбаев шығармаларын оқытуда оқушылардың танымдық құзыреттілігін дамыту әдістемесі») оқытудың тиімді әдіс-тәсілдер жүйесі – «Жанды бейне», «Кейіпкер соты», «Әдеби консилиум», JIGSAW, RAFT, INSERT, Блум таксономиясы бойынша деңгейлік сұрақтар – баяндалған; «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Жекпе-жек» шығармалары негізінде он бес сабақтан тұратын сабақтар жүйесі ұсынылған; Алматы қаласындағы «Parasat Almaty» мектебінің 5-сыныбында жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың мақсаты, ұйымдастырылуы, өлшемдері мен нәтижелері берілген. Эксперименттік топта жоғары деңгей 17,9%-дан 42,9%-ға дейін өсіп, бақылау тобымен салыстырғанда өсім 6,7 есе жоғары болды. Зерттеу жұмысының қорытынды бөлімінде зерттеудің негізгі ғылыми тұжырымдары жинақталған; Бердібек Соқпақбаев шығармалары оқушылардың танымдық, шығармашылық және адамгершілік дамуының бірегей педагогикалық ресурсы ретінде бағаланған; мектеп мұғалімдеріне, жоғары оқу орны оқытушыларына және болашақ зерттеушілерге нақты ұсыныстар берілген; ғылыми жаңалық ретінде бес өлшемнен тұратын диагностикалық жүйе мен «Зерттеуші – Талдаушы – Қабылдаушы» деңгейлер жүйесінің тиімділігі тәжірибеде расталды.

Description

Keywords

Әдебиет сабағында танымдық құзыреттілікті дамытудың әдістемелік ұстанымдары, Бердібек Соқпақбаев шығармаларын оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер

Citation

Ануарбек Х / Бердібек Соқпақбаев шығармалары арқылы оқушылардың танымдық құзыреттілігін дамыту әдістемесі / SDU University / 7M01701 - «Қазақ тілі және әдебиеті» білім беру бағдарламасы

Collections