АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖƏНЕ БАЙЛАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ƏКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК: ТЕОРИЯ ЖƏНЕ ПРАКТИКА МƏСЕЛЕЛЕРІ
Loading...
Date
2025
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
SDU University
Abstract
Ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтар үшін заңды жауапкершілік түріндегі мәжбүрлеу шарасын қолдану, құқықтық реттеуді қамтамасыз етудің негізгі аспектісі болып табылады. Ақпараттық дәуірде ақпараттандыру және байланыс қоғам өмірінің маңызды бөлігі болғандықтан, осы саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін мемлекет заңды жауапкершілік шараларын белгілейді. Бұл жеке тұлғалардың мемлекетпен кепілдендірілген құқықтары мен еркіндіктерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын заңды мүдделерін құқыққа қайшы әрекеттерден қорғауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Мемлекет тарапынан ақпараттандыру және байланыс саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, әкімшілік заңнаманы күшейту және әкімшілік-құқықтық жауапкершілік шектерін қатаңдату бағытында шаралар қабылданғанына қарамастан, құқық бұзушылықтардың саны азаймағандығы байқалады. Сот практикасы көрсеткендей, елімізде байланыс қызметтерінің сапасының төмендігі, кең жолақты интернетке тең қолжетімділіктің болмауы, байланыс операторларының жедел-іздестіру және қарсы барлау іс-шараларын техникалық қамтамасыз етпеуі, дербес деректерді өңдеу талаптарын бұзуы, радиожиілік спектрін бір жыл бойы пайдаланбауы, байланыс қызметін рұқсат етілген елді мекендерде ұсынбауы және байланыс сапасына сәйкес келмейтін қызмет көрсетуі сияқты әкімшілік құқық бұзушылықтар кеңінен таралғаны анықталды
Description
Keywords
Ақпараттандыру және байланыс саласы, халықаралық үздік тәжірибе, әкімшілік-құқықтық жауапкершілік
Citation
Тлеубекова К.A / АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖƏНЕ БАЙЛАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ƏКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК: ТЕОРИЯ ЖƏНЕ ПРАКТИКА МƏСЕЛЕЛЕРІ / SDU University / ҚҰҚЫҚ ЖƏНЕ ƏЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ «ҚҰҚЫҚТАНУ» КАФЕДРАСЫ