Гендерлік стереотиптердің газет тілдеріндегі көрінісі

Loading...
Thumbnail Image

Date

2009

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Suleyman Demirel University

Abstract

Бұл мақалада газет мәтіндерінде көрініс табатын гендерлік стереотиптердің қалыптасуы мен тілдік табиғаты талданады. Гендерлік лингвистика саласының негізгі ұғымдары қарастырылып, ерлер мен әйелдерге қатысты ұлттық санада орныққан тұрақты түсініктердің газет тілінде қалай көрінетіні көрсетіледі. Зерттеу барысында нәзік жандар, ер-азамат, қазақ әйелі, қазақ қызы сияқты қалыптасқан этномәдени бірліктердің қолданысы мысалдар арқылы дәлелденеді. Мақалада әйел бейнесіне байланысты дәстүрлі ұғымдармен қатар, қазіргі әлеуметтік өзгерістердің ықпалына байланысты трансформацияланған гендерлік стереотиптер де талдау нысанына алынады. Газет тіліндегі тілдік құралдар арқылы ұлттық мәдениет, этикет, әлеуметтік рөлдер және гендерлік қатынастардың көріну ерекшеліктері айқындалған.

Description

Keywords

гендер, гендерлік стереотип, газет тілі, этномәдениет, ерлер тілі, әйелдер тілі, ұлттық сана, лингвомәдениет, әлеуметтік рөл, тілдік бейне

Citation

Ордабекова Х/Гендерлік стереотиптердің газет тілдеріндегі көрінісі / Suleyman Demirel University / Сду хабаршысы, 2009