Лирикалық прозаны танудағы кейбір теориялық аспектілер
Loading...
Date
2009
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Suleyman Demirel University
Abstract
Мақалада лирикалық прозаның әдебиеттегі орны, оның эпос пен лириканың сабақтастығынан туған көркемдік құбылыс ретіндегі ерекшеліктері қарастырылады. Лирикалық проза кейіпкердің ішкі әлемін, сезімін, толғанысын бейнелеуде маңызды рөл атқарады, ол эпостың құрылымдық элементтерімен үндесіп, сонымен қатар өзіндік композициялық және эмоционалды ерекшеліктерге ие. Зерттеушілердің пікірлері бойынша, лирикалық прозада сюжет басты назарда болмай, сөздің әуені мен кейіпкердің көңіл-күйі алдыңғы қатарға шығады. Мақалада лиризмнің әдебиеттегі дамуы, оның тарихи-әлеуметтік және психологиялық аспектілері, қазақ әдебиетіндегі алғашқы лирикалық прозалық шығармалар мысалдары арқылы талданады. Сонымен қатар, лиризм мен психологизмнің өзара байланысы, автор тұлғасының көрінуі, композиция мен стильдің ерекшеліктері қарастырылады.
Description
Keywords
лирикалық проза, лиризм, эпос, поэтика, психологизм, кейіпкер, қазақ әдебиеті, көркемдік тәсіл
Citation
Айтуғанова С.Ш. / Лирикалық прозаны танудағы кейбір теориялық аспектілер / Suleyman Demirel University / Сду хабаршысы, 2009