Қазақ жазуының тарихы

Loading...
Thumbnail Image

Date

2007

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Suleyman Demirel University

Abstract

Бұл мақалада қазақ жазуының тарихи даму кезеңдері мен графикалық жүйелердің алмасуы жан-жақты қарастырылады. Автор көне түркі руникалық жазуларынан бастап араб, латын және кириллица графикасына дейінгі жазу жүйелерінің қазақ тіліне тигізген ықпалын талдайды. Әрбір кезеңнің әлеуметтік, мәдени және тілдік ерекшеліктері, сондай-ақ жазу реформаларының ұлттық тілдің дамуына әсері нақты мысалдармен сипатталады. Сонымен қатар, А.Байтұрсынов бастаған қазақ ғалымдарының жазу мен емле реформаларына қосқан үлесі, қазіргі латын графикасына көшу мәселесінің өзектілігі атап өтіледі. Зерттеу нәтижесінде жазу жүйесінің тек тілдік емес, мәдени және тарихи маңызы бар екендігі айқындалады.

Description

Keywords

қазақ жазуы, латын әліпбиі, араб жазуы, фонетика, тіл реформасы, тарихи даму

Citation

Өмірбекова Маргарита / Қазақ жазуының тарихы / Suleyman Demirel University / Сду хабаршысы, 2007