БАСПАССӨЗ БЕТІНДЕГІ БҮГІНГІ АЙТЫСТЫҢ ЖАЗЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Loading...
Thumbnail Image

Date

2012

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Suleyman Demirel University

Abstract

Айтыстың ескі түрі деп есептелетін ертедегі бәдік айтыстың, негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, басқа айтыстардың ішінде қайсысы ерте, қайсысы кеш туды деп нақты айту қиын. Дегенмен кейбір айтыстардың мазмұнына, лексикасына, сөйлем құрлыстарына қарап, қай заманда пайда болғанын топшалауға болады. Мысалы жануарлар айтысына, өлі мен тірінің айтысына қарағанда, жұмбақ айтысының анағұрлым кеш туғандығы анық. Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып – жастық көңіл күйі мен өнер сынасу болса, ақындар айтысында өнер салыстыру, сөз сынасудың үстіне әр ақын өз руын дәріптей жырлаушылық келіп қосылғанын көреміз. Сондытқан, бұл айтыс XIX ғасырда етегін кеңірек жайган деген түйінге тоқталамыз. Жалпы айтыстың арғы бергі тарихына қысқаша көз жүгіртсек, қай заман болса да өзінің демократиялық табиғатынан айнымай, халықтың тілі мен көзі болып, үнемі бой көрсетіп келеді.

Description

Keywords

айтыс, халық ауыз әдебиеті, баспасөздегі айтыс, айтыс түрлері

Citation

Бейсенхан A / БАСПАССӨЗ БЕТІНДЕГІ БҮГІНГІ АЙТЫСТЫҢ ЖАЗЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ / 5th International Conference, Building Cultural Bridges: Integrating Languages, Linguistics, Literature, Translation and Journalism into Education /ISBN: 9965-792-05-4, Suleyman Demirel University, 2012 pgs 367-373