Қатысым қағидаларының ұлттық көрінісі

Loading...
Thumbnail Image

Date

2012

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Suleyman Demirel University

Abstract

Қазақ халқы – сөйлеуге, тіл арқылы ұғынысуға, түсінісуге және сол арқылы тыңдаушысына ықпал етуге ерекше көңіл бөлген, сөз өнерін аса жоғары бағалаған халық. Қазақ тілінің ең басты ерекшелігі де, қасиеті де осында болса керек. Қазақ халқы тіл өнерін «Өнер алды – қызыл тіл» деп өнер атаулының алдына шығаруы да тегін емес. Өйткені қазақ «Тіл – көңілдің айнасы» деп біледі. Халық даналығында да бұл ұғым жиі көрініс табады: «Қызыл тіл – жанның мәйегі, абырой – ердің қуаты», «Көңіл көзін сөз ашар, сөйлемесе кір басар», «Тіл – ақылдың көрінісі, бірліктің кілті», «Тіл – ақылдың өлшемі» – деп ұғады. Қарастырылып отырған «қатысым» сөзі сөздік қордағы «қатыс», «қатысу» сөздерінің негізінде алынған. Қазақ «бір-бірімізбен араласпай қалдық, байланыспай қалдық, арамызда қарым-қатынас үзілді» деген ұғымды білдіргісі келгенде «қатыспай қалдық» дейді. Демек, «қатыс» – біріншіден, қазақтың байырғы сөзі, екіншіден, «байланыс, қатынас» сөзінің баламасы. Ал оған жалғанған «-ым» жұрнағы арқылы жасалған «қатысым» сөзі адамдардың тіл арқылы бір-бірімен түсінісу, пікірлесу, ой алмасу кезіндегі жалпы қойылатын талаптар мен заңдылықтарды білдіреді.

Description

Keywords

қатысым, тілдік сана, сөз өнері, ұлттық ерекшелік

Citation

Мұхамади Қ.Т / Қатысым қағидаларының ұлттық көрінісі / 5th International Conference, Building Cultural Bridges: Integrating Languages, Linguistics, Literature, Translation and Journalism into Education /ISBN: 9965-792-05-4, Suleyman Demirel University, 2012 pgs 133-136