Қазақ халық ауыз әдебиетінің ерекшеліктері мен қалыптасу кезеңдері
Loading...
Date
2012
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Suleyman Demirel University
Abstract
Қазақ халқының ауыз әдебиеті – халқымыздың сан ғасыр бойы жасаған рухани әрі мәдени-тұрмыстық мұрасы. Зерттеуіміздің мақсаты – фольклордың пайда болуы туралы пікірлерді қарастыру, фольклордың жанрлары мен түрлері жөнінде мағлұмат беру, қазақ фольклорының қалыптасу кезеңдерімен таныстыру, сондай-ақ қазақ фольклорының зерттелу тарихы мен фольклортану ғылымының өткен ғасырларда қалыптаса бастауы жайында мәлімет ұсыну. Ауыз әдебиеті – халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар «ауыз әдебиеті» деп атаған. Сонымен қатар ғылым мен мәдениетте «халық шығармашылығы», «халық поэзиясы» деген атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады.
Description
Keywords
қазақ ауыз әдебиеті, халық шығармашылығы, мәдени мұра, сөз өнері
Citation
Нұрпейсова Ж.Ә /Қазақ халық ауыз әдебиетінің ерекшеліктері мен қалыптасу кезеңдері / 5th International Conference, Building Cultural Bridges: Integrating Languages, Linguistics, Literature, Translation and Journalism into Education /ISBN: 9965-792-05-4, Suleyman Demirel University, 2012 pgs 382-385