КОСМОНИМДЕРДІҢ ТІЛДІК САНАДАҒЫ АССОЦИАЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМНЫҢ ГЕНДЕРЛІК АСПЕКТІСІ

Loading...
Thumbnail Image

Date

2012

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Suleyman Demirel University

Abstract

Мәскеу психолингвистикалық мектебі 90-жылдардың басында этнопсихолингвистикалық зерттеулердің алғашқы методологиялық негізін қалыптастыра бастады. Этнопсихолингвистикалық зерттеудің негізгі мәселесі ретінде тілдік сана, тілдік сана ұғымының этномәдени сипаты және мәдениаралық қарым-қатынастағы коммуниканттардың ұлттық санасындағы ерекшеліктер қарастырылды. Адамның тілдік санасында сақталу қызметін атқаратын тілдік жүйені, семантикалық өрістегі сөздердің лексика-семантикалық байланысын, тілдік сана ұғымының этномәдени ерекшелігін сипаттау үшін этнопсихолингвистикада ассоциация әдісі қолданылады. Жалпы кеңестік психолингвистикада тілдік сана тіл бірліктерінің (сөз, сөз тіркесі, сөйлем, мәтін және ассоциативті өріс) көмегімен қалыптасатын сана бейнелерінің жиынтығы ретінде анықталады. Бүгінгі таңда ассоциация ұғымы психология саласынан бөлек, кешенді ұғым ретінде өзге де ғылым салаларында қолданысқа еніп отыр.

Description

Keywords

космонимдер, этнопсихолингвистика, мәдениаралық коммуникация, тілдік жүйе

Citation

Ордабекова Х.А / КОСМОНИМДЕРДІҢ ТІЛДІК САНАДАҒЫ АССОЦИАЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМНЫҢ ГЕНДЕРЛІК АСПЕКТІСІ / 5th International Conference, Building Cultural Bridges: Integrating Languages, Linguistics, Literature, Translation and Journalism into Education /ISBN: 9965-792-05-4, Suleyman Demirel University, 2012 pgs 137-144