Browse
Recent Submissions
Item Көркем мәтінге интерпретация арқылы студенттер шығармашылығын дамыту әдістемесі(Suleyman Demirel University, 2022) Отарбаева ГазизаЗерттеудің өзектілігі. Бүгінгі таңда отандық білім беру жүйесі білім берудің нәтижелерін, білімгерлердің бойынан табылуы тиіс құндылықтар мен олардың иегеретін білік-дағдысын, қолданатын құзыретін саралау, қайта зерделеу, білім жүйесін толықтай трансформациялау кезеңінде тұр. Осы тұста қазіргі кездегі мол ақпараттар ағымын өз бетінше игеріп, сыни ойлай білетін, өзіндік көзқарасын дәлелдей алатын еркін ойлы, шығармашыл тұлға тәрбиелеудің өзектілігі арта түседі. Әрбір оқу пәні шығармашыл тұлға қалыптастыруға әлеуетті. Дегенмен, әдеби шығармашылыққа, әдеби білім мазмұнына, әдебиетті оқыту әдіс- тәсілдері мен формаларына қойылатын талап айрықша болатыны заңды. Шығармашыл тұлға қалыптастыру үшін, ең алдымен, білім алушыларды көркем шығарманың мазмұны мен мәнін өз бетінше түсініп, пайымдай білу дағдыларын дамытуға арналған оқу әрекетіне бағыттауымыз керек.Item Ауызша тілдің жүйесі мен құрылымын меңгерту арқылы филолог-студенттердің сөз мәдениетін қалыптастыру әдістемесі(Suleyman Demirel University, 2019) Дуйсебекова ЖайнагулТұтас бір елдің тәуелсіздігін мызғымас ететін факторлардың бірі – оның ана тілі. Заң тілімен айтсақ: «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» [1]. Себебі бір халықты екіншісінен айқын ерекшелеп, бүкіл болмысын, табиғатын көрсетіп тұратын – оның тілі, соның ішінде оның әбден екшеліп, сұрыпталған ұлттық әдеби тілі. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында аталған бағдарламаның басты мақсаттары ретінде мына мәселелерді атап көрсеткен: «1) мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы; 2) мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жеткізу; 3) дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың әлеуеті; 4) қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту»Item Typology of Communicative Exercises in the Formation of Intercultural Communicative Competence at Upper-Intermediate (B2) Level(Suleyman Demirel University, 2013) Doganay YakupThe novelty of the research is presented in the current paper and in disclosure of the meaning of linguistic and cultural expertise is achieved and methodological principles are proven; cognitive lingua-cultural model of expertise is finalized; basic ideas as a method of didactic management are developed efficiency of lingua-cultural formation process is provided and proved in Kazakhstan for Kazakh, Turkish and Russian origin students. Furthermore, awareness of instructors of the peculiarities of the communicative behaviors and the impacts of use of culture-based activities in the language classroom are demonstrated.