Masters
Permanent URI for this collection
Browse
Browsing Masters by Subject "Папагено эффект"
Now showing 1 - 1 of 1
Results Per Page
Sort Options
Item Open Access CУИЦИД ТАҚЫРЫБЫНЫҢ МЕДИАДАҒЫ КӨРІНІСІНІҢ ЭТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ: ORDA.KZ, TENGRINEWS ПОРТАЛДАРЫ ЖӘНЕ КТК ТЕЛЕАРНАСЫ МЫСАЛЫНДА(2024) Ерес Н.А.Зерттеу жұмысы суицид тақырыбының медиадағы көрінісінің этикалық аспектілерін Orda.kz, Tengrinews порталдары және KTK телеарнасының контенттерін талдау негізінде жүргізілді. Сапалық контент-анализ әдісін қолданған зерттеу еңбектің негізгі мақсаты - суицид тақырыбының әлемдік деңгейдегі жазылу тәжірибесі мен теорияларына сүйене отырып, Қазақстан медиасында, соның ішінде қазақ тілді жаңалықтардағы суицид тақырыбының этикалық тұрғыдан жазылуына талдау жасау. Сонымен қоса, зерттеу нысаны ретінде алынған медиалардың фото, видео контенттеріне де визуал анализ әдісі қолданылды. Зерттеу барысында «Вертер» эффектісі мен «Папагено» эффектісі бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалардан кейін де халық арасында суицидтің көбею немесе азаю көрсеткіштері болатынын көрсетті. Бұқаралық ақпараттағы “өз-өзіне қол жұмсау” жаңалықтары сенсация, рейтинг және трагедияны көрсету үшін емес, аудиторияның өмірге жауапкершілігін және "көпшіліктің білу құқығымен" теңестірілуі керек ақпараттарды ұсыну маңызды екенін алға тартады.