CУИЦИД ТАҚЫРЫБЫНЫҢ МЕДИАДАҒЫ КӨРІНІСІНІҢ ЭТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ: ORDA.KZ, TENGRINEWS ПОРТАЛДАРЫ ЖӘНЕ КТК ТЕЛЕАРНАСЫ МЫСАЛЫНДА
Loading...
Date
2024
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Abstract
Зерттеу жұмысы суицид тақырыбының медиадағы көрінісінің этикалық аспектілерін Orda.kz, Tengrinews порталдары және KTK телеарнасының контенттерін талдау негізінде жүргізілді. Сапалық контент-анализ әдісін қолданған зерттеу еңбектің негізгі мақсаты - суицид тақырыбының әлемдік деңгейдегі жазылу тәжірибесі мен теорияларына сүйене отырып, Қазақстан медиасында, соның ішінде қазақ тілді жаңалықтардағы суицид тақырыбының этикалық тұрғыдан жазылуына талдау жасау. Сонымен қоса, зерттеу нысаны ретінде алынған медиалардың фото, видео контенттеріне де визуал анализ әдісі қолданылды. Зерттеу барысында «Вертер» эффектісі мен «Папагено» эффектісі бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалардан кейін де халық арасында суицидтің көбею немесе азаю көрсеткіштері болатынын көрсетті. Бұқаралық ақпараттағы “өз-өзіне қол жұмсау” жаңалықтары сенсация, рейтинг және трагедияны көрсету үшін емес, аудиторияның өмірге жауапкершілігін және "көпшіліктің білу құқығымен" теңестірілуі керек ақпараттарды ұсыну маңызды екенін алға тартады.
Description
Keywords
Вертер эффектісі, суицид, Папагено эффект
Citation
Ерес Н.А./CУИЦИД ТАҚЫРЫБЫНЫҢ МЕДИАДАҒЫ КӨРІНІСІНІҢ ЭТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ: ORDA.KZ, TENGRINEWS ПОРТАЛДАРЫ ЖӘНЕ КТК ТЕЛЕАРНАСЫ МЫСАЛЫНДА/ Медиа зерттеулері және журналистика, Қаскелең-2024