Browsing «Қазақстан ғылымының дамуы мен келешегі жастар көзімен» Студенттердің IІІ ЖОО аралық дәстүрлі ғылыми конференциясы Материалдары by Subject "БАҚ"
Мақалада бұқаралық ақпарат құралдарындағы адресант пен адресат арасындағы байланыс, газет мәтінін түзуде қолданылатын түрлі прагматикалық мәселелер қарастырылады.
Сөз мәдениеті – әдеби тілдің ауызша түріне тән нормаларын игеру, тілдік амалтәсілдерді айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік таныту. Сөйлеуде диалектизмдерді, қарапайым, дөрекі сөздерді, варваризмдерді қолдану, орынсыз көп сөйлеу, бір пікірді бірнеше рет қайталау, өзіне өзі сілтеме жасау, асқақтап сөйлеу, дене қимылдарын орынсыз араластыра беру сөз мәдениетіне жатпайды. Кірме сөздерді орынсыз жұмсай беру, сіреспе құрылымдарды қолдану сөз мәдениетіне нұқсан келтіреді. Сөз мәдениеті сөйлеу әдебі деген ұғыммен ұштасып жатыр. Сөз мәдениеті теориясының дамуында лексикография, әсіресе нормативті түсіндірме сөздіктер, орфоэпиялық, орфографиялық, синонимдік т. б. арнаулы сөздіктерді пайдалана білудің манызы зор