МЕДИАКЕҢІСТІКТЕГІ СӨЗЖҰМСАМНЫҢ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Loading...
Thumbnail Image

Date

2014

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Suleyman Demirel University

Abstract

Мақалада бұқаралық ақпарат құралдарындағы адресант пен адресат арасындағы байланыс, газет мәтінін түзуде қолданылатын түрлі прагматикалық мәселелер қарастырылады. Сөз мәдениеті – әдеби тілдің ауызша түріне тән нормаларын игеру, тілдік амалтәсілдерді айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік таныту. Сөйлеуде диалектизмдерді, қарапайым, дөрекі сөздерді, варваризмдерді қолдану, орынсыз көп сөйлеу, бір пікірді бірнеше рет қайталау, өзіне өзі сілтеме жасау, асқақтап сөйлеу, дене қимылдарын орынсыз араластыра беру сөз мәдениетіне жатпайды. Кірме сөздерді орынсыз жұмсай беру, сіреспе құрылымдарды қолдану сөз мәдениетіне нұқсан келтіреді. Сөз мәдениеті сөйлеу әдебі деген ұғыммен ұштасып жатыр. Сөз мәдениеті теориясының дамуында лексикография, әсіресе нормативті түсіндірме сөздіктер, орфоэпиялық, орфографиялық, синонимдік т. б. арнаулы сөздіктерді пайдалана білудің манызы зор

Description

Keywords

БАҚ, сөз мәдениеті, медиакеңістік, газет мәтіні

Citation

МЕДИАКЕҢІСТІКТЕГІ СӨЗЖҰМСАМНЫҢ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, Тілегенова Арайлым, 2014