СДУ хабаршысы - 2016
Permanent URI for this collection
Browse
Browsing СДУ хабаршысы - 2016 by Subject "жетістік"
Now showing 1 - 1 of 1
Results Per Page
Sort Options
Item Open Access РОБОТ – ҒЫЛЫМ ЖАҢАЛЫҒЫ, ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ҚАЖЕТТІЛІГІНІҢ ЖЕМІСІ(Suleyman Demirel University, 2016) Амиргалиев Е. ; Қойшығұлова Д.Адам қабілеті шексіз. Есте жоқ ескі замандардан бері жаратылыста тек адамның ғана сана-сезімі ұдайы дамып келеді. Алғашқы қауымдық құрылыста таспен ұрып аң аулаған бабаларымыздың бүгінгі ұрпағы көк жүзін бағындырып, алты ғаламды зымыранмен аралағаны айтар ауызға оңай. Осындай дәрежеде даму үшін адамзат баласының басынан қаншама ізденіс, ойлау, талдау өткенін бір жаратқан ғана білер. Біздің білетініміз – бұл тынымсыз еңбектердің нәтижесі. Ғылымды дамыту үшін барша қауым атсалысты десек, артық болар. Жетістік - тек «Ізденген жетер мұратқа» деп ізденісті серік еткен ғылым мен қоғам саласындағы қайраткерлердің арқасы. Зерттеуші ғалымдар Госвами мен Брайант: «Адамдар арасындағы ерекшелік олардың нейрофизиологиялық ерекшеліктерінде емес керісінше тәжірибесінде» деген екен. Алғашқыда жабайы аңдарды үй жануарларына айналдырған адамзат баласының кейін техника жетістіктерін өз мүдделеріне қызмет жасауына қол жеткізуі ізденіс шыңына құлаш ұру болып табылады.Қоғамдық өндіргіш күштердің өркендеуіне орай дамыған қоғамдық сананың шарықтау шегі-барлық әрекетті пультпен басқару болатыны анық. Ғылымның дамыған шағындағы адам баласының игілігіне қызмет атқаратын «РОБОТ» терминін біз қалай түсінеміз? Оның пайдалы жақтары қандай? Кез-келген әрекеттің күнгейі мен көлеңкесі болатыны секілді робот атаулының зиянды жақтары да болуы мүмкін бе?