СДУ хабаршысы - 2015
Permanent URI for this collection
Browse
Browsing СДУ хабаршысы - 2015 by Author "Жолшаева М.С."
Now showing 1 - 1 of 1
Results Per Page
Sort Options
Item Open Access СИНТАКСИСТІК БІРЛІКТЕРДІҢ КОММУНИКАТИВТІ-ПРАГМАТИКАЛЫҚ ҚЫРЛАРЫ(Suleyman Demirel University, 2015) Жолшаева М.С.Қазіргі кезде лингвистикада тілдік құбылыстарды жүйелі-құрылымдық тұрғыдан қарастыруды семантика, синтактика және прагматиканың катеорияларына негіздеп, коммуникативтік тұрғыдан қарастыра отырып зерттеу алмастырып келеді. Коммуникативтік тұрғыдан зерттеуге сәйкес кез келген тілдік бірлік оның мазмұнының басқа тіл бірліктерімен өзара байланыстылығы, «сөйлеуші» мен «тыңдаушы» тараптардың сөйлеу актісіне қатысуы жағынан талданады. Мұны лингвистикалық зерттеулердегі жаңа бағыт деп санауға болады. Өйткені мұнда тілдік бірліктерді коммуникация үдерісіндегі сипаты, коммуниканттың тілдік қолданыстардағы рөлі, тіл қызметіндегі адам факторының орны сияқты мәселелер осы зерттеулердің өзегін құрайды. Лингвистикалық зерттеулердің мұндай бағытта жүргізілуі синтаксистегі бірқатар мәселелерді шешуде маңызды сипатқа ие болып келеді. Мақалада қазақ тіліндегі коммуникативтік талапқа сай ұйымдасқан сөйлемнің түрлері талданды.