«Поэма жанрын талдау» атты оқу құралында күрделі жанр – поэманың
жанрлық ерекшеліктері мен түрлері, қазақ поэмаларының тақырыптық
сипаты мен ондағы көркемдік ізденістер ақын Ф.Оңғарсынова поэмалары
негізінде сараланады.
Оқу құралы жоғары оқу орындары филология факультеттерінің
студенттеріне, магистранттар мен ізденушілерге, сондай-ақ, оқытушыларға
арналады.