2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдердің медиадағы бейнесі: Салтанат Нүкенова кейсі негізінде(SDU Journal of Media Studies, 2025) Есенгүл КәпқызыБұл зерттеу Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдердің медиадағы репрезентациясына назар аударады. Негізгі мақсат –отбасындағы кикілжіңнің құрбаны болған, әйелдерді мемлекеттік медиа қалай сипаттағанын айқындау, сол арқылы үкіметтің нарративі қалай болғанын түсіну. Соның ішінде, отбасы жанжалының құрбаны болған әйелдердің медиадағ репрезентациясы, аудиторияға ақпараттың қалай жеткенін талдау, медиа қалыптастырған негізгі тенденцияларды анықтау. Зерттеу қоғамда үлкен резонанс тудырған Салтанат Нүкенова ісін кейс-стади ретінде қарастыра отырып,сыни дискурстық талдау (Сritical Discourse Аnalysis, CDA) теориясын басшылыққа алады. Сыни дискурстық анализ (СДА) ерекшелігі медиа бейнелеген образдардағы жасырын идеологияны айқындайды, билік пен қоғам арасындағы қатынастарға көңіл бөліп, әлеуметтік нормаларды қалыптастыратын стереотиптерге көңіл бөледі. Бұл зерттеудің негізгі объектісі Салтанат Нүкенова кейсі. Бұл кейс арқылы отбасылық кикілжіңнің құрбаны болған әйелдердің медиадағы бейнесі сыни тұрғыдан талданады.Зерттеу нәтижелері медиа әйелдер бейнесін шектен тыс эмоцияға айналдырып, оларды тым әлсіз әрі бейшара етіп ұсынатынын, алайда зорлық-зомбылықтыңбасты әрі әлеуметтік себептеріне назар аударылмай қалатынын көрсетеді. Сол себепті де медиа зерттеулері журналистердің әлеуметтік жауапкершілігін, тілдік дискурстары мен құралдарына көңіл бөліп, сыни анализ елегінен өткізу қажеттігі туындайды.Әйелдердің медиадағы бейнесі тек ақпарат таратудың нәтижесі емес, қоғамдағы гендерлік ой-пікірлерді қалыптастыратын маңызды құралретінде айқындалды.Item Open Access 2024 жылғы батыс өңірлеріндегі су тасқынын көрсетудегі қазақстандық БАҚ-тың рөлі(SDU Journal of Media Studies, 2025) Ақерке ОралбекБұл зерттеу 2024 жылғы Батыс Қазақстандағы су тасқынын көрсету барысында мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін күн тәртібін орнату және фрейминг теориясы аясында қарастырады. Табиғи апаттар туралы медиадағы жарияланымдар үкіметтің әрекетіне, төтенше жағдайлар қызметінің жұмысын бағалауға және азаматтардың апатқа деген көзқарасына әсер етеді. Алайда кейде БАҚ мұндай оқиғаларды сенсацияға бейімдеп, шок, дүрбелең, кейіпкерлер мен эмоциялық аспектілерге ерекше назар аударады. Бұл зерттеудің мақсаты –2024 жылғы су тасқыны қазақстандық медиада қалай көрсетілгенін және қандай фреймдер басым болғанын анықтау. Осы мақсатта Tengrinews.kz және Ақ Жайық сайттарындағы 2024 жылы24 ақпан мен 14сәуір аралығында жарық көрген 30 материалға сандық және сапалық контентталдау жүргізілді. Бұл басылымдар аудитория көлемі, ұстанымдары мен таралу ауқымына қарай таңдалды. Зерттеу нәтижесінде су тасқыны жайлы жарияланымдарда төтенше жағдайлар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемелері, зардап шеккендер, көмек көрсету, үкімет әрекеті және инфрақұрылымның бұзылуы секілді тақырыптардың басым болғаны анықталды.