Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдердің медиадағы бейнесі: Салтанат Нүкенова кейсі негізінде

Loading...
Thumbnail Image

Date

2025

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

SDU Journal of Media Studies

Abstract

Бұл зерттеу Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдердің медиадағы репрезентациясына назар аударады. Негізгі мақсат –отбасындағы кикілжіңнің құрбаны болған, әйелдерді мемлекеттік медиа қалай сипаттағанын айқындау, сол арқылы үкіметтің нарративі қалай болғанын түсіну. Соның ішінде, отбасы жанжалының құрбаны болған әйелдердің медиадағ репрезентациясы, аудиторияға ақпараттың қалай жеткенін талдау, медиа қалыптастырған негізгі тенденцияларды анықтау. Зерттеу қоғамда үлкен резонанс тудырған Салтанат Нүкенова ісін кейс-стади ретінде қарастыра отырып,сыни дискурстық талдау (Сritical Discourse Аnalysis, CDA) теориясын басшылыққа алады. Сыни дискурстық анализ (СДА) ерекшелігі медиа бейнелеген образдардағы жасырын идеологияны айқындайды, билік пен қоғам арасындағы қатынастарға көңіл бөліп, әлеуметтік нормаларды қалыптастыратын стереотиптерге көңіл бөледі. Бұл зерттеудің негізгі объектісі Салтанат Нүкенова кейсі. Бұл кейс арқылы отбасылық кикілжіңнің құрбаны болған әйелдердің медиадағы бейнесі сыни тұрғыдан талданады.Зерттеу нәтижелері медиа әйелдер бейнесін шектен тыс эмоцияға айналдырып, оларды тым әлсіз әрі бейшара етіп ұсынатынын, алайда зорлық-зомбылықтыңбасты әрі әлеуметтік себептеріне назар аударылмай қалатынын көрсетеді. Сол себепті де медиа зерттеулері журналистердің әлеуметтік жауапкершілігін, тілдік дискурстары мен құралдарына көңіл бөліп, сыни анализ елегінен өткізу қажеттігі туындайды.Әйелдердің медиадағы бейнесі тек ақпарат таратудың нәтижесі емес, қоғамдағы гендерлік ой-пікірлерді қалыптастыратын маңызды құралретінде айқындалды.

Description

Keywords

тұрмыстық зорлық-зомбылық, Салтанат Нүкенова ісі, СДА, Tengrinews

Citation

Есенгүл Кәпқызы/ Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдердің медиадағы бейнесі: Салтанат Нүкенова кейсі негізінде / SDU Journal of Media Studies 2025/2(2)