8 results
Search Results
Now showing 1 - 8 of 8
Item Open Access ОРГАНИЗАЦИЯ ВЗАИМОДЕЙСТВИЙ МЕЖДУ УЧЕНИКОМ И УЧИТЕЛЕМ НА УРОКЕ МАТЕМАТИКИ(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Орынбекова А.ААннотация. В данной статье описывается методика организации взаимодействия между учениками и учителем на уроке математики. Рассматривается такой метод организации как взаимодействие учителя и ученика. Одним из способов взаимодействия является самостоятельная работа, а также ее ключевые аспекты, позволяющие более эффективно проводить организацию преподавательской деятельности. В качестве примера была рассмотрена средняя школа, учителя которой активно применяют приемы организаторского взаимодействия учителя и учеников. Был рассмотрен пример показательного урока, на котором учитель взаимодействует с учениками посредством опроса. Вследствии такого опроса учитель определяет уровень знаний учеников для построения эффективного плана урока. Для учеников же такой опрос служит одним из способов повторения пройденного и подготовкой к новому материалу. Также для статистики ученики всей школы участвуют в опросе, нравится ли им заниматься математикой. Данные записываются в виде диаграммы и впоследствии выдвигаются соответствующие выводы.Item Open Access ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВ «ҒАСЫРДАН ДА ҰЗАҚ КҮН» РОМАНЫНДАҒЫ УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК КАТЕГОРИЯСЫ(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Ізбай І.Ө.Аңдатпа. Мақалада қырғыз халқының жазушысы Шыңғыс Айтматовтың алғашқы туындыларының бірі «Ғасырдан да ұзақ күн» романы мен хронотоп мәселесі қарастырылды. Қазақ прозасындағы көркем уақыт пен кеңістік мәселесіндегі психологизм, кейіпкерлер әлемі, эмоциялық құбылулардың сюжет динамикасына әсері сөз болып, авторлық баяндауға ден қойылды. Көркем кеңістік пен уақыт байланысы күрделі сипат алған Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» романы талданды. Әдеби көркем туындыда кеңістік пен уақыт белгілері, оның сипатын беретін негізгі элементтер түр-түрге бөлініп шығарма құрылымын құрайды. Мақалада олардың арасындағы байланыс пен алшақтық, бірігуі мен бөлінуінің автор қолданысындағы көрінісі қарастырылды. «Боранды бекет» аталып кеткен Ш. Айтматовтың шығармасындағы сюжеттік құрылымында маңызды рөл атқарған уақыт және кеңістік категориясының түрлеріне кеңірек тоқталып, романнан үзінді мысалдармен дәйектелді.Item Open Access ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЗУ САУАТТЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУДЕ ОРФОГРАФИЯЛЫҚ ДАҒДЫНЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Шаимкулова АидаАңдатпа. Жазуды меңгеруде үйретілетін лингвистикалық дағдының бірі – орфографиялық дағды. Орфографиялық дағды – өте күрделі үдеріс. Бұл дағды – сөздің дыбыстық құрамына, грамматикалық білімге сүйене отырып, орфограмманы тану және оған лайық ережелерді қолдана білу дағдыларын қарастырады. Мақалада жазуда орфографиялық дағдыны қалыптастыру және оны дамытуға байланысты зерттеу жүргізген ғалымдардың еңбектеріне жалпы шолу жасалады. Білім беру үдерісінде орфографиялық дағдының алатын орны мен маңыздылығы туралы сөз қозғай отырып, орфографиялық дағдыны дамытуға арналған дәстүрлі жүйеге негізделген, әрі цифрлық оқыту бағдарламалары арқылы түзілген тапсырмалар жиынтығы ұсынылған.Item Open Access ЖҰМАБАЙ ШАШТАЙҰЛЫ ПОВЕСТЕРІНДЕГІ ӘЙЕЛДЕР БЕЙНЕСІ(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Нұрбану К.Аңдатпа. Мақалада жазушы Жұмабай Шаштайұлының шығармаларындағы әйелдер образына талдау жасалды. «Аспанқора повесіндегі Ханымкүл образы мен Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» әңгімесіндегі Шолпанның образына салыстырмалы талдау жасалып, образдардың типологиялық ерекшеліктері, жасалу жолдары анықталды, кейіпкер характерін сомдаудағы автордың мотивтері, ұстанымы анықталды. Аталған повестегі Қаламқас образы және «Құралайдың салқыны» повесіндегі Қадірсіздің образына талдау жасалып, олардың дәстүрлі қазақ әйелдерінің келбетін сомдайтын типтік бейне екені дәлелденді.Item Open Access SIR DERYA BÖLGESİ´NİN ETNİK OLUŞUMUNUN TARİHİ SÜRECİ (VI-XIII YY.).(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Shalbayev A.; Moldabaeva D.Özet. Orta Asya Türki cumhuriyetlerinin orta çağ tarihi genel Türk tarihi açısından bir bütün olarak incelenmesi önem arz etmektedir. Orta Asya bölgesinde kendi coğrafi özelliği, etnik yapısı, iktisadi üretim biçimleri ve kültürel hayatı bakımından önem arz eden ehemiyetli birkaç yöre bulunmaktadır. Bunlardan birisi de Sır Derya veya Sır yöresidir. Sır Derya Havzası, eski çağlardan beri insanoğlunun yaşadığı bir bölgedir. Türklerin ata yurdu olan Orta Asya’nın can damarı mahiyetindeki Seyhun ile Ceyhun vadilerinin eski bir medeniyet merkezi olduğu kaynaklarca da ifade edilmektedir. Burası Z. V. Toğan’ın tabiriyle sadece “Kent Türkleri”nin yerleşik hayat yaşadığı bölge değil aynı zamanda, çeşitli etnik unsurlapın, kültürlerin buluştuğu ve harmanlaştığı bölgedir. Orta Asya Türk halklarının etnik yapısı incelenirken, bu meselede kendine özgü yeri ve katkısı olduğunu düşündüğümüz Sır Derya bölgesi´nin ayrıca üzerinde durulması gerektiğine inanıyoruz.aItem Open Access ФРАЗЕОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДА КОГНИТИВТІКОММУНИКАТИВТІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Мереева Ә.Аңдатпа. Мақала қазақ фразеологиялық жүйесін оқытудың когнитивті және коммуникативті әдіс-тәсілін анықтауға бағытталған. Қазақ фразеологиясының типологиялық және лексика-семантикалық сипаты, фразеологизмдердің функционалды - стилистикалық жіктелімі және прагматикалық сипаты туралы анықтамалар бере келе, когнитивті сипаттары қарастырылады. Зерттеу жұмысының қорытындысы ретінде мектепте фразеологизмдерді оқытудың когнитивті-коммуникативті моделін жүзеге асыру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау жұмыстары ұсынылып, алдыға қойылған мәселелерді шешудің тиімді жолдары анықталады. Тіл білімінің лингвистикалық саласынан бастау алатын когнитивті сала мен когнитивті саланы белгілі бір тақырыпты меңгеруде қолдану бүгінгі таңда креативті жолдардың бірі саналады. Мақала қазақ тіліндегі фразеологизм тақырыбын когнитивтікоммуникативті әдістерге салу арқылы оқытудың тиімді нәтижелерін көрсетеді. Зерттеу жұмысын қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері әдістемелік көмекші құрал ретінде пайдалана алады.Item Open Access БІЛІМАЛУШЫЛАРДЫҢ МӘТІН АРҚЫЛЫ МӘДЕНИТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Әбілда ҰлбалаАңдатпа. Қазіргі уақытта білім беру жүйесі жаңа деңгейге көтерілді. Заман талабына сай білім беру жүйесі де өз алдына мақсат қойды. Ол өз ойы бар, барлық құзыреттіліктерді меңгерген, сауатты, психологиялық негіздерге сай білім алған, дүниетанымы кең, еркін ойлы тұлға дайындау. Соңғы уақыттарда білім беру жүйесінде білімалушылардың дүниетанымын кеңейту, таным көкжиегін дамыту мақсатында «мәденитанымдық құзыреттілік» ұғымы жиі қолданылуда. Мәдениеттанымдық құзыреттілігі қалыптасқан, жетілген тұлға әрдайым сұранысқа ие. Оқыту процесінде оқушының қабылдауына, зейініне, танымына, түсінуіне мән берілу қажет. Мәденитанымдық мәтіндер арқылы баланы оқытудың мәні өте зор. Мәтін арқылы оқушылардың мәденитанымдық құзыреттілігі қалыптасатыны мақалада дәлелденіп отыр. Оқушылардың мәтін арқылы мәденитанымдық құзыреттілігін арттырудың психологиялық негіздері мақалада тереңірек қарастырыладыItem Open Access ПОДКАСТ – ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) А.Т. ӘбілдаАңдатпа. Білім беру үдерісіне қандай технологияларды енгізе аламыз? Біздің басты мақсатымыз - білім берудегі инновациялық технологиялар негізінде қазақ тілі сабақтарында подкаст технологиясын дидактикалық құрал ретінде пайдалану. Білім беруде жаңа технологияларды пайдалану өте маңызды. Соның ішінде подкаст қызметін қолдану тіл үйренуде тиімді құралдардың бірі. Сондықтан бұл қызмет оқыту технологиясы ретінде жеке қарастыруды қажет етеді. Подкаст – ұзынды-қысқалы серияларға біріктірілген, жүктеп алуға және онлайн тыңдауға болатын аудио жазбалар. Бұл мақалада подкаст технологиясының тәжірибеге ену мәселесі талқыланып, оны қазақ тілі сабақтарында тиімді пайдалану және құрастыру жолдары қарастырылады. Білім саласындағы инновациялық технологиялар дегеніміз - тек техникалық құралдар ғана емес, сонымен бірге жаңаша әдістеме, білім берудің жаңа амалы.