1 results
Search Results
Now showing 1 - 1 of 1
Item Open Access Қарама-қарсылық мәннің морфосемантикалық деңгейдегі көрінісі(Suleyman Demirel University, 2010) Сүйерқұл Б.М.Мақалада семантикалық оппозиция «Өзім//өзге» мәселесі тарихи және морфосемантикалық тұрғыдан зерттеледі. Автор жазба ескерткіш «Мұхаббатнама» мәтіні негізінде лексикалық және грамматикалық бірліктер арқылы бұл қарама-қарсылықтың көрінісін талдайды. Қарама-қарсылық өздік және өзгелік етістер, өздік және жіктеу есімдіктер арқылы эксплицитті, жартылай эксплицитті және имплицитті түрде көрінеді. Мақалада когнитивтік лингвистика тұжырымдарына сүйене отырып, тілдік құрылымдар мен концепттердің өзара байланысы қарастырылады. Сонымен қатар «Өзім//өзге» оппозициясының адам санасында, мифологиялық және мәдени контексте қалыптасуы, тілдегі репрезентациясы мен эмоциялық әсер арқылы көрініс табуы талданады. Автор бұл зерттеумен антропоөзекті бағыттағы тіл біліміндегі мәселелерді ашады және тілдің когнитивтік-функционалдық қабілетін көрсетеді.