Search Results

Now showing 1 - 2 of 2
  • ItemOpen Access
    АНА ТІЛІНІҢ ҚҰДІРЕТІ НЕМЕСЕ ТІЛДІҢ КӨРІНБЕЙТІН ҚАСИЕТТЕРІ ХАҚЫНДА
    (Suleyman Demirel University, 2012) Б.Айменов
    Мақалада қазақ тілінің ұлттық болмысты, сана-сезімді және рухани құндылықтарды қалыптастырудағы рөлі қарастырылады. Автор ана тілінің адам болмысына, мінез-құлқына, ойлау жүйесіне және ішкі рухани энергиясына ықпалын философиялық, психолингвистикалық және мәдени тұрғыдан талдайды. Қазақ тілін меңгермеудің ұлттық сәйкестікке, ұрпақтар сабақтастығына және генетикалық-рухани тұтастыққа тигізетін кері әсері сипатталады. Сонымен қатар тілдің көрінбейтін қасиеттері, энтелехия ұғымы арқылы тіл мен ішкі энергия арасындағы байланыс негізделіп, ана тілін сақтаудың ұлт болашағы үшін стратегиялық маңызы айқындалады.
  • ItemOpen Access
    ҰЛТТЫҚ ИДЕНТИФИКАЦИЯ ЖӘНЕ ҚҰНДЫЛЫҚ
    (Suleyman Demirel University, 2015) Дариябек Д.С.
    Бұл мақалада жаһанданудың ұлттық идентификация құндылықтарға әсері қарастырылған. Жаһандану адам өмірінің барлық саласына мәдениетке, тілге, білім беру мен рухани-адамгершілік дамуға елеулі ықпал етеді. Қазіргі қоғамда бұл аталған құндылықтардың бәрі жаңа қасиеттерге ие болуда. Кез келген халықтың рухани-мәдени болмысында идентификация маңызды орын алады. Ол сан ғасырлар бойы жинақталған ұлттық құндылықтар, дүниетаным мен қағидалардың тоғысы әрі заман өткен сайын толығып, өңделіп отыратын бірегей құбылыс. Қарапайым тілмен айтқанда, ұлттық идентификация дегеніміз адамдардың рухани дамуының кепілі, жан-дүниесінің сұранысы. Бүгінгі таңда оны ғылымда «сәйкестік» термині ретінде қолданып жүрген зерттеушілер баршылық. Дегенмен аталмыш анықтаманың ұғымның толық мазмұнын бере алмайтындығын айта кетуіміз қажет.