Search Results

Now showing 1 - 3 of 3
  • ItemOpen Access
    ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУ МӘСЕЛЕЛЕРІН «АСПАЛЫ КӨПІР» АЯСЫНДА ҚАРАСТЫРУ (СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ РЕФЛЕКЦИЯ)
    (Suleyman Demirel University, 2016) І. Әйтімбет; Л. Қасымова
    Мақалада нақты күнделікті тіршіліктегі бір жағдай аясында студенттердің құқықтық санасы мен іс-əрекеттерінің қалыптасу үрдісі социологиялық талдаудан өткізіледі. Құқықтық сананың қалыптасуының қазіргі кездегі нақты сипаты көрсетіліп, оның күрделілігі талданады жəне де көтерілген мəселелердің шешу жолдары ұсынылады. Мемлекет тұрғысынан жасалған іс-шаралар өте қажетті жəне де олсыз мəселелер толықтай шешімін таппайды, бірақта адамдардың сол мəселеге заңды тұлға, субъект ретінде қатыспайынша шешілген мəселе адамдарға сырттай тағылған əрекет ретінде ғана қабылданады. Мұндай жағдайда адамдардың іс-əрекеті сырт көзбен қарағанда заңды, құқықтық іс-əрекет боп көрінгенменде, шын мəнінде ол тек иммитация ғана болып келеді. Сондықтан да Аспалы көпір мəселесінде туындаған мəселелер адамдардың өздерінің тұрғыларынан оларды түсініп, саналы түрде тақылауға қатысып,өэдеріне деген жауапкершілікті алған кезде ғана іштей құқықтық сана деңгейіне көтеріледі.
  • ItemOpen Access
    ӘЛЕУМЕТТІК ТОП РЕТІНДЕ ЖАСТАР: ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ БАҒДАРЛАРЫ
    (Suleyman Demirel University, 2016) Мусабеков М.Н.
    Мақала да қаралған мәселелер легі белгіленген принципке негізделген әлеуметтік идеал тұрғысынан алғанда, адамның бірден ересек болып, сонымен қатар осы қоғамға қажетті қасиеттерінің және қабілеттерінің жиынтығымен туылғандығы тиімді. Бірақ, табиғи заңдылық шеңберінде бұндай параметрлер жоқ. Тұлға туылады, өседі және осы қоғамның тұрғысынан, қоғамның толыққанды мүшесі болмас бұрын уақыттың белгілі бір кезеңінен өтеді. Сондықтан да жас стратификациясының мәні – биологиялық және әлеуметтік мәдени дамудың әртүрлі деңгейлеріндегі жеке адамдар қандай да бір әлеуметтік міндеттерді орындау қабілеті мен дайындығы жағынан ерекшеленуінде екендігі сөзсіз. Осы қатынаста жеке адамдардың биологиялық және әлеуметтік жетілу мерзімі – әлеуметтік кәмелеттік жасқа толу уақытымен, іс жүзінде немесе құқықтық неке жасының белгіленген дәстүрімен (алғашқы қауымдық құрылыста және дәстүрлі қоғамда) немесе заңымен (батыс қоғамдарында) анықталады. Осы байланыста, бір жағынан, табиғи (биологиялық) ерекшеліктердің негізінде, бір қырынан алғанда, әртүрлі жас топтарының әлеуметтік регламенттелген ұйғарымының негізінде мінез-құлқының және әрекеттерінің (әлеуметтануда әлеуметтік рөлдер деп аталады) белгілі бір қызметтері мен қабілеттері ұсынылады. Сонымен қатар, мәселе физиологиялық жастық туралы ғана емес, бұл тұста жыныстық-жастық, топтық және олардың өзіндік биоәлеуметтік ерекшеліктері мен дүниеауи таным-түсініктері де ескерілуі қажет тұстар қаралған.
  • ItemOpen Access
    ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЗАМАН МЕН ҚОҒАМНЫҢ ПОЭТИКАЛЫҚ БЕЙНЕСІ
    (Suleyman Demirel University, 2016) Абиыр А.
    Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қоғам мен адамға түскен ауыртпалықтың сырын ашып, қазіргі қоғамдағы жастардың басына түскен түрлі әлеуметтік мәселелер ақындардың поэзиясында көрініс тапқан. Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиет үшін ең қиын мәселе жалпы әдебиет қоғамға керек пе немесе қажетсіз бе деген екіұшты ұғымды бірізге түсіруден басталғанын білеміз. Қоғамдық ортада материалдық қажеттіліктер алдыңғы қатарға көтерілген уақытта, рухани құндылықтардың мәні төмендей түскені анық. Қоғамда қалыптасқан әлеуметтік психологияның шығармашылық иесіне әсері. Сонымен қатар әдебиеттің дамуына сыртқы және ішкі факторладың әсер еткенін білеміз. Бұл ретте қоғамдық қоршаған ортаның маңызы өте зор. Сыртқы факторлар ретінде ата-бабамыз ертеден аңсаған егемедік, азаттық.