ӘЛЕУМЕТТІК ТОП РЕТІНДЕ ЖАСТАР: ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ БАҒДАРЛАРЫ

Loading...
Thumbnail Image

Date

2016

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Suleyman Demirel University

Abstract

Мақала да қаралған мәселелер легі белгіленген принципке негізделген әлеуметтік идеал тұрғысынан алғанда, адамның бірден ересек болып, сонымен қатар осы қоғамға қажетті қасиеттерінің және қабілеттерінің жиынтығымен туылғандығы тиімді. Бірақ, табиғи заңдылық шеңберінде бұндай параметрлер жоқ. Тұлға туылады, өседі және осы қоғамның тұрғысынан, қоғамның толыққанды мүшесі болмас бұрын уақыттың белгілі бір кезеңінен өтеді. Сондықтан да жас стратификациясының мәні – биологиялық және әлеуметтік мәдени дамудың әртүрлі деңгейлеріндегі жеке адамдар қандай да бір әлеуметтік міндеттерді орындау қабілеті мен дайындығы жағынан ерекшеленуінде екендігі сөзсіз. Осы қатынаста жеке адамдардың биологиялық және әлеуметтік жетілу мерзімі – әлеуметтік кәмелеттік жасқа толу уақытымен, іс жүзінде немесе құқықтық неке жасының белгіленген дәстүрімен (алғашқы қауымдық құрылыста және дәстүрлі қоғамда) немесе заңымен (батыс қоғамдарында) анықталады. Осы байланыста, бір жағынан, табиғи (биологиялық) ерекшеліктердің негізінде, бір қырынан алғанда, әртүрлі жас топтарының әлеуметтік регламенттелген ұйғарымының негізінде мінез-құлқының және әрекеттерінің (әлеуметтануда әлеуметтік рөлдер деп аталады) белгілі бір қызметтері мен қабілеттері ұсынылады. Сонымен қатар, мәселе физиологиялық жастық туралы ғана емес, бұл тұста жыныстық-жастық, топтық және олардың өзіндік биоәлеуметтік ерекшеліктері мен дүниеауи таным-түсініктері де ескерілуі қажет тұстар қаралған.

Description

Keywords

Жаһандану, жастар, құндылықтар, субмәдениет, жастық ерекшеліктер, дәстүрлі қоғам, тұлға

Citation

ӘЛЕУМЕТТІК ТОП РЕТІНДЕ ЖАСТАР: ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ БАҒДАРЛАРЫ / М.Н.Мусабеков / Suleyman Demirel University - 2016