Search Results

Now showing 1 - 6 of 6
  • ItemOpen Access
    Мысыр Мәмлүк мемлекеті және Рүкнеддин Бейбарыс сұлтанның билігі
    (Suleyman Demirel University, 2013) Молдабаева Д.Ж.
    «Мәмлүк» сөзінің төркіні арапша «мелеке» сөзінен келіп, мағанасы қожайынның билігіндегі кул дегенді білдіреді. Арапшада ата-анасы құл болған құлдарға «абд» сөзін қолданған яғни тегі кұл болғандарды «абд» деп атаған. Ал қарапайым жанұяда дүниеге келіп бірақ кейіннен согыс жағдайына байланысты қолға түсіп құлдыққа салынған ақ нәсілді жандарды ерекшелеп «мәмлүк» деп атаған. Уақыт өте келе араб әлемінде мәмлүк деп билеушілер мен сұлтандардың арнайы жасақтарында қызымет атқаратын өзіндік әлеуметтік және құқықтық дәрежесі бар арнайы жасақтарды айтатын болған. Тарихта бұлардың орта ғасырларда Мысыр елінде құрған мемлекеттеріне «Девлетү-л Мемалик» (Мәмлүк мемлекеті) деп атаған.
  • ItemOpen Access
    МӘДЕНИЕТТЕР ТОҒЫСЫ: АҚПАРАТПЕН ЖАЗУ
    (Suleyman Demirel University, 2012) Күдерина Қ. Б
    Мәдениеттер тоғысындағы тілді, әдебиетті және басқаны жазусыз елестету мүмкін емес. Ал мәдениеттің өзін әңгіме еткенде туыс халықтар мәдениетінен, олардың өзара үйлес дамуынан бастау орынды. Өйткені мәдениет - өте үлкен, ауқымды кеңістікті қамтыса ғана мәдениет. Өткен ғасырлар әр елдің өзін ұлт ретінде дәлелдеу, мойындату сипатында көрінсе, ендігі кезең өзара мойындалған елдердің интеграцияларға баруы, бір-бірімен санасуы, одақтасуы дәрежесіне ұласуда. Әр мемлекеттің рәміздері қатарына жазу да кіруде: туы, елтаңбасы, әнұраны және жазуы. Ендеше мәдениеттер тоғысы дегенде біз алдымен бүгінде аралары алшақтап кеткен түркі халықтары мәдениетінің тоғысуы, мемлекеттік рәміз дегенде түркі тілдеріне ортақ жазу туралы сөз етпекпіз
  • ItemOpen Access
    Түркі тілдеріндегі ауру атауларымен байланысты қалыптасқан табулар
    (Suleyman Demirel University, 2007) Шойынбет Маржан
    Бұл мақалада қазақ халқының дүниетанымында және тілдік санасында қалыптасқан ауру атауларына қатысты тыйым сөздер мен эвфемизмдердің этнолингвистикалық табиғаты қарастырылады. Сөз магиясына сену, діни наным-сенімдер мен әлеуметтік қорқыныштар нәтижесінде жұқпалы дерттердің атауларын тікелей атамау дәстүрі пайда болғаны атап өтіледі. Қазақ және басқа түркі халықтарының мәдениетінде шешек, мәлік, топалаң сияқты індеттердің атаулары «гүл», «бібі», «ақбайпақ», «кемпір» секілді эвфемистік атаулармен алмастырылған. Сондай-ақ, «Шешек ана» туралы мифологиялық түсінік пен оның діни-мәдени рөлі талданады. Зерттеу нәтижесінде ауру атауларына байланысты табу мен эвфемизмдердің халықтың дүниетанымын, сенім жүйесін және тілдік ерекшеліктерін айқындайтын этнолингвистикалық құбылыс екені анықталады.
  • ItemOpen Access
    Түркі халықтары эпикалық жырларында жекпе-жек дәстүрі және оның мәні
    (Suleyman Demirel University, 2011) Айдоғду Шабан
    Бұл мақалада түркі халықтарының эпикалық жырларындағы жекпе-жек дәстүрінің көрінісі мен мәні қарастырылады. Эпостық шығармаларда жекпе-жек батырдың ерлігі мен рухани кемелдігін сынайтын негізгі көрініс ретінде суреттеледі. Батырдың жаумен жеке шайқасы арқылы оның күш-қайраты, батылдығы, әділдігі мен адамгершілік қасиеттері айқындалады. Сонымен қатар, жекпе-жек мотиві халықтың қаһармандық идеалын, ерлік пен намыс туралы түсінігін бейнелейді. «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Баттал Гази» секілді жырлардағы жекпе-жек көріністері арқылы түркі халықтарының батырлық рухы мен эстетикалық дәстүрлері айқын көрсетіледі.
  • ItemOpen Access
    ХІ ғасырда уздардың (торктар) батысқа қоныс авударуы және нәтижесі
    (Suleyman Demirel University, 2013) Шалбаев А.А
    Еділ бойы мен Қаратеңіздің солтүстігін қамтитын Шығыс Еуропа өңірі ІҮ-ХҮІІ ғасырлар арасында түркі халықтарының отаны болған. Атап айтқанда бұл жерлерде Европа Ғұндары, Хазарлар. Бұлгарлар. Алтын Орда. Қырым, Қазан. Астырахан сынды саяси бірлестіктер өз үстемдіктерін жүргізген. Шығыс Еуропа өзінің табиғи болымысымен әр дайым далалык аймактарды мекендейтін көшпенділедің назарын аударып отырған. Х-ХІ ғасырларда өз отандарында қыспаққа түскен көшпенді тіршіліктің өкілдері Печенек және Оғыздар өздерінің ескі тіршіліктерін жалғастыру мақсатында Қаратеңіздің солтүстігіндегі далалық аймақтарға коныс аударады. Алайда олар көш барысында кездескен түрлі саяси және табиғи құбылыстарға төтеп бере алмай тарих сахынасынан жойылады.
  • ItemOpen Access
    Жазба деректердегі қазақ тарихы
    (Suleyman Demirel University, 2011) Жеменей И
    Бұл зерттеуде XVI ғасырдың басында жазылған Фәзлолла ибн Рузбехан Хәнжидің «Меһманнаме Бұхара» еңбегіндегі қазақтарға қатысты тарихи мәліметтер талданады. Шығарма Мұхаммед Шейбани хан дәуірінің саяси, діни және әскери оқиғаларын баяндай отырып, қазақтардың этникалық тегі, қоғамдық құрылымы мен көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы жөнінде құнды деректер ұсынады. Автордың сунниттік көзқарасы мен сол дәуірдегі шиит-суннит қайшылықтарының ықпалы да айқын көрінеді. Еңбекте қазақ хандарының шығу тегі Шыңғыс хан әулетімен байланыстырылып, олардың әскери қуаты мен беделі ерекше аталады. «Меһманнаме Бұхара» шығармасы тек Орта Азияның ғана емес, сонымен қатар қазақ тарихының да маңызды жазба дереккөзі болып табылады.