4 results
Search Results
Now showing 1 - 4 of 4
Item Open Access М.О. ӘУЕЗОВ ПРОЗАСЫН ПОЭТИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ТАЛДАУ НЕГІЗДЕРІ(Suleyman Demirel University, 2015) Еркінбай ҰланҚазақ көркем сөзінің кеңістігінде М.Әуезов прозасының орны тайға таңба басқандай айқын. Ал осы таңбаны танып, шынайы бағасын беру Әуезов прозасының көркемдік бітімін кешенді зерттеуді талап етеді. Бұл алғашқы және негізгі қадам. Мұнда біз поэтиканы - көркемдік бітім ұғымымен, ал теориялық поэтиканы - мәтінді кешенді түрде өнер ретінде пайымдау ұғымымен мағыналас етіп алып отырмыз. Әуезов прозасының сөз өнері контекстіндегі көркемдік бітімін саралау аса ауқымды мәселе. Көркемдік бітім - кез келген шығарманың мағыналық һәм тілдік, құрылымдық категорияларын қатар қамтитын термин. Дәйекті көркем сөзге, оқиғаны өнерге өрістететін де осы термин.Item Open Access ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИСКУРСТАҒЫ БЕЙВЕРБАЛДЫ АМАЛДАР(Suleyman Demirel University, 2016) Мұхамади Қ.; Иісова Э.Бейвербалды қарым-қатынас түрінің жасалу жолдары мен табиғатын ашып көрсету, әсіресе оның дискурс тұрғысынан көрінісін талдап-жүйелеу жаңа ғылыми бағыттарды терең түсінуге ықпал етеді. Өйткені тілдің әлеуметтік, психологиялық лингвистика сынды салаларының фактілерін салыстыра, салғастыра отырып, кешенді қарастыру барысында бейвербалды амалдардың көптеген сипаттарын ашып көрсетуге болады. Мұндай мақсатқа жетуге арқау болар өзек ретінде педагогикалық дискурс мәселесі туралы да сөз ету орынды, өйткені білім берудің қай сатысында болмасын мұғалім оқушымен, оқушы мұғаліммен қарым-қатынастың бейвербалды түрін де көп пайдаланады. Сондықтан мақалаға сабақ үрдісіндегі мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасын жүзеге асыратын бейвербалды амалдар арқау болған. Педагогикалық дискурстың құрамында коммуниканттар арасындағы интеграция мен қарым-қатынасын қарау маңызды болып табылады. Ауызекі сөйлеу тіліне қарағанда жазба мәтінде бейвербалды элементтердің қолданысы аз және қолданылу аясы шектеулі болады. Ауызекі сөйлеу тілінде сөйлеуші мен тыңдаушы және ақиқаттық жағдай қалыптасқан. Осындай ерекшеліктерге байланысты сөйленістерде ғана арнайы қолданылатын паралингвистикалық құралдар тілге еніп, қалыптасып кеткен.Item Open Access ФРАЗЕОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДА КОГНИТИВТІКОММУНИКАТИВТІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Мереева Ә.Аңдатпа. Мақала қазақ фразеологиялық жүйесін оқытудың когнитивті және коммуникативті әдіс-тәсілін анықтауға бағытталған. Қазақ фразеологиясының типологиялық және лексика-семантикалық сипаты, фразеологизмдердің функционалды - стилистикалық жіктелімі және прагматикалық сипаты туралы анықтамалар бере келе, когнитивті сипаттары қарастырылады. Зерттеу жұмысының қорытындысы ретінде мектепте фразеологизмдерді оқытудың когнитивті-коммуникативті моделін жүзеге асыру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау жұмыстары ұсынылып, алдыға қойылған мәселелерді шешудің тиімді жолдары анықталады. Тіл білімінің лингвистикалық саласынан бастау алатын когнитивті сала мен когнитивті саланы белгілі бір тақырыпты меңгеруде қолдану бүгінгі таңда креативті жолдардың бірі саналады. Мақала қазақ тіліндегі фразеологизм тақырыбын когнитивтікоммуникативті әдістерге салу арқылы оқытудың тиімді нәтижелерін көрсетеді. Зерттеу жұмысын қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері әдістемелік көмекші құрал ретінде пайдалана алады.Item Open Access БАЛА ТІЛІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ(СДУ хабаршысы - 2017, 2017) А. Бейсенбай; Қ. МұхамадиАңдатпа. Бала тіліндегі өзгешеліктердің көптігі оның зерттеу нысаны ретіндегі қырын да толықтыра түседі. Себебі баланың өзін қоршаған болмыс бейнесін қалай сомдағанына, игермеген ұғымдарының болуына, болмыс туралы нақты түсінігі болмауына байланысты шындықты тілдегі арнайы қалыптасқан атаумен атамай, баланың тілінде қалыптасқан, өзі ұқсатқан сөздермен алмастыра отырып атауы жиі ұшырасады. Мақалада тілші ғалымдардың бала тілінің шығуы, қалыптасуы, тарихы тағы басқа мәселелерге қатысты пікірлері ескеріле отырып, жалпы тіл білімінің негізгі де маңызды зерттеу жұмысының бірі екендігі баяндалған. Бала тілін зерттеушілердің біразы бала сөздерін, сөйлемдерін жазып алып, олардың ерекшеліктеріне тоқталса, екіншілері бала тілін эксперимент арқылы алып, бала тілін психологиялық, педагогикалық, физиологиялық тұрғыда қарастырып келді. Ал үшінші топтағылар бала тілінің ерекшелігін теориялық жағынан, баланың ойлауын, таным деңгейінің өсуімен байланыстырып когнитивті негізде қарастырды мақалада осы аталған мәселелер кеңінен сөз болады.